130
Бастың биті бастың шаш жамылғысын зақымдайды. Шашы кір, өңсіз, таралмаған
болып көрінеді, шаштың түбіне қарай көптеген ақ муфталар- жұмыртқалары көрінеді, олар
тарағанда түспейтіндіктен, науқастың шашын тақырлап қыру қажет. Киім биті киімдердің
тігісінде өмір сүреді, ол да терінің зақымдалуына және көптеген тырналған орындарды
тудыратындықтан, бұл киімдерді жою қажет. Шат биті дененің шаш бөлімін зақымдайды:
шат аймағы, кейде сақалы, мұрты, қасы, қолтық асты шұңқыры.
Бит табылғанда медициналық қызметкер педикулезге қарсы шараларды
дезинсекцияны – биттерді жоюды (зиянды жәндіктерді) жасайды. Биттер мен олардың
жұмыртқаларын жою үшін жасалатын дезинсекциялық шаралар келесі әдістерден тұрады:
1) механикалық әдіс;
2) физикалық әдіс;
3) химиялық әдіс.
Педикулез табылғанда келесі шараларды жүргізеді:
•
жұқпалы ауруды есепке алу журналына науқасты тіркеу – ф. №060/у;
•
педикулез туралы жедел хабарлама береді (ф. № 058/у);
•
ауру тарихының басты бетіне педикулезді тіркеу;
•
науқасты санитарлық өңдеу, науқас болған бөлмені және қолданған заттарына
дезинсекция және дезинфекция жасау.
Педикулезге қарсы өңдеуді анықталған жерде арнайы жиынтықтың ішіндегіні қолданып
жасайды. Науқастың киімі қайнатуға немесе камералық өңдеуге жіберіледі. Науқастың
шашын 7 күннен кейін қайта қарайды. Қажет болған жағдайда қайта санитарлық өңдеуді
өткізеді [6, 15, 32].
Достарыңызбен бөлісу: