С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет112/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

1.3 Қыру 
[6]
 
Қажетті заттар: 


Резиналы қолғап. 

Ұстара, сақалға сабын жаққыш және қырынуға арналған крем. 

Майлық, орамал, суға арналған ыдыс

Шараның орындалуы: 
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау, 
қолғап кию. 
2. Суды жылыту (40–45°С дейін), майлықты сулап, сығып, науқастың бетіне қою. 
3. Салфетканы алып, сақалға сабын жаққышпен қырынуға арналған крем жағады. 
4. Ұстара қозғалысына қарама-қарсы бағыттағы теріні екінші қолымен тартып
науқасты қырындырады.
5. Бетті алдымен ылғалды майлықпен сулайды, сосын құрғақ майлықпен сүртеді. 
6. Ұстараны спиртпен өңдейді. 
7. Қолғапты шешіп, қолды жуады.
Аурухананың қабылдау бөлімінде барлық түскендерді педикулезге тексереді.
5.1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру 
Педикулёз
( лат. 
pediculus
, «бит») – терінің және шаш туындысының паразитарлы 
ауруы. Биттер бөртпе және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы, оның 
қоздырғыштары терінің қасыған жерлері арқылы енуі мүмкін. Адамдарда педикулез 
тудыратын биттердің үш түрі болады-бас, шат және киім биттері.


130 
Бастың биті бастың шаш жамылғысын зақымдайды. Шашы кір, өңсіз, таралмаған 
болып көрінеді, шаштың түбіне қарай көптеген ақ муфталар- жұмыртқалары көрінеді, олар 
тарағанда түспейтіндіктен, науқастың шашын тақырлап қыру қажет. Киім биті киімдердің 
тігісінде өмір сүреді, ол да терінің зақымдалуына және көптеген тырналған орындарды 
тудыратындықтан, бұл киімдерді жою қажет. Шат биті дененің шаш бөлімін зақымдайды: 
шат аймағы, кейде сақалы, мұрты, қасы, қолтық асты шұңқыры.
Бит табылғанда медициналық қызметкер педикулезге қарсы шараларды 
дезинсекцияны – биттерді жоюды (зиянды жәндіктерді) жасайды. Биттер мен олардың 
жұмыртқаларын жою үшін жасалатын дезинсекциялық шаралар келесі әдістерден тұрады:
1) механикалық әдіс;
2) физикалық әдіс;
3) химиялық әдіс.
Педикулез табылғанда келесі шараларды жүргізеді: 

жұқпалы ауруды есепке алу журналына науқасты тіркеу – ф. №060/у; 

педикулез туралы жедел хабарлама береді (ф. № 058/у); 

ауру тарихының басты бетіне педикулезді тіркеу; 

науқасты санитарлық өңдеу, науқас болған бөлмені және қолданған заттарына 
дезинсекция және дезинфекция жасау. 
Педикулезге қарсы өңдеуді анықталған жерде арнайы жиынтықтың ішіндегіні қолданып 
жасайды. Науқастың киімі қайнатуға немесе камералық өңдеуге жіберіледі. Науқастың 
шашын 7 күннен кейін қайта қарайды. Қажет болған жағдайда қайта санитарлық өңдеуді 
өткізеді [6, 15, 32]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет