5.2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе
науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің
жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек
ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.
Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ
жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі [6, 7, 29, 32].
Ойық жаралардың құралуы Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді: •
қысым
•
«кесу күші»
•
қажалу
•
Қысым – адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене
тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан
келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат
ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен,
тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.
•
«Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің
ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай
тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес
қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін
оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа
түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.
•
Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының
бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру
қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және
ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде
немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар,
клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .
Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар: •
Төмен немесе жоғары дене салмағы
•
Қозғалыстың шектелуі
•
Анемия
•
Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану
•
Сусыздану
•
Гипотензия
•
Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау
•
Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)
•
Перифериялық қан айналым бұзылысы
•
Терінің жұқаруы
142
•
Мазасыздану
•
Естің ауысуы
•
Кома
•
Кең хирургиялық кірісулер
•
Кереует тұтқыштары
•
Науқасты бекітетін құралдар
•
Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және
жұлынның зақымдалуы.