С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет16/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Травматологиялық пункт
ауруханалар құрамындағыелді мекенде тұратын жарақат 
алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.
 
Жеке меншік клиникалар 
Соңғы жылдарда ҚР медициналық қызмет көрсету нарығында денсаулықсақтаудың 
жеке секторларының үздіксіз дамуы бақылануда, бұл мемлекеттік медицинаға елеулі 
бәсекелестік тудырып, жеке меншік клиникаларға ақылы қызметке жүгіне алатын 
науқастар санын жоғарлатуда. Жеке меншік медицинаның артықшылығы: өзбетінше 
қызмет көрсету саласына байланысты клиниканы таңдауы және халық сұранысына 
байланысты мамандарды таңдау мүмкіндігі, жақсы материальді-техникалық базалар және 
дәрімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, науқастардың емханаларда кезекте тұруының 
болмауы. Сонымен қатар, жеке меншік клиникалардың басшылары жоғары медициналық 
қызмет көрсету деңгейінмен және қызмет көрсету жылдамдығымен, клиниканың жағымды 
ішкі көрінісі арқылы танымалдылық пен беделді қалыптастыруыға үлкен мән береді. 
Дегенмен, бұл ақылы медициналық клиникада жылдам және сапалы емдейді деген мағнаны 
білдірмейді және мемлекеттік ауруханалар қажеттілігін жоқққа шығармайды.


16 
Денсаулықсақтаудың жеке меншік секторы науқастардың барлығына қолжетімді 
жедел жәрдем жүйесін; ірі профильді мамандандырылған орталықтармен; балансында 
ғылыми-зерттеу орталықтарымен қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, жеке меншік 
клиникалар кез-келген медициналық мекемелер сияқты санэпидбақылау органдарымен 
тығыз жұмыс істеуі қажет. Сондықтан, денсаулықсақтау сапасын жоғарлату және 
қолжетімді көмек алу мақсатында халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы 
мемлекеттік ЕАМ және жеке меншік клиникалар өзара түсінушілікпен және өзара тиімді 
серіктестікпен қызмет жасаулары қажет.
АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» 
Біздің республикада денсаулықтысақтауға инновациялық әрекет ету, республикалық 
мағынадағы ірі медициналық орталықтар ашу арқылы жүзеге асады [31].
2008 жылы 6 медициналық орталықты біріктіретін АҚ «Ұлттық медициналық холдинг» 
құралған: ана және бала Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балалар реабилитация 
орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Республикалық ғылыми 
нейрохирургия орталығы, Республикалық шұғыл медициналық көмек көрстеу ғылыми 
орталығы және Ұлттық ғылыми Кардиохирургиялық орталығы. Ұлттық медициналық 
холдингтің негізігі мақсаты халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті Қазақстан, алыс 
және жақын шетел азаматтарына кең көлемде дәлелді медицина шарттары, заманауй 
аурухана менеджменті, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар негізінде «болашақ 
Госпитальін» дамыту болып табылады.
Осылайша, әрбір науқас ЕАМ таңдау және сапалы медициналық қызмет алуына 
құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет