Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім құрамына
кіріп, жеке емдік алдын-алу мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе
құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтарда ұйымдастырылады. Дәрігерлік және
фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.
Денсаулық пунктінің медицина қызметкерлерініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер,
мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел
жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар
емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді,
диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.
Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек
көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше
мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық,
туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық
диспансерлер жұмысжасайды.
Диспансердіңнегізгі қызметі – шығутегі бір әртүрлі аурулардың алдын-алу және
емдеу. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді,
науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын-алу,
туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің
алдын-алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі
ісіктердіңалдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп
төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі
шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.
Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер,
медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін
фельдшер (мейірбике)іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем бекеттерімен,
ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция
және апатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-
эвакуаторлар
желісінде
орналасқан
санитарлық
тасымалдау
құралдарымен,
радиобайланыспен қамтамасыз етілуі керек.