11
тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз
етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.
Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек
түрі туа біткен және жүре
пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған
аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санаторлық-курорттық
ұйымдарда көрсетіледі.
Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім
– дәрігердің
бақылауымен емдеуге
келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға
аурухананың арнайы бөлімшелерінде
немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде
берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда
ғана жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: