С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет7/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
ТАРАУ І 
ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ 
1.1 Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері 
 
Денсаулық сақтау – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау 
мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық
медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, ауруларды емдеу және алдын-
алу және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылатын жүйе.
Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық 
тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін заңгер тұлғалардың қызметін 
қамтиды. 
1.1.1.Медициналық көмектің түрлері: 
1)
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек; 
2)
Біліктілікті медициналық көмек; 
3)
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек; 
4)
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек; 
5)
Медициналық -әлеуметтік көмек.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
- орта медициналық білімі бар 
қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі 
жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі
санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт 
сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері. 
Біліктілікті медициналық көмек

жоғарғы медициналық білімі бар 
қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап 
етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі. 
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек
– «жеке мамандардың» 
(кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана 
бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін 
ауруларда әр сала мамандарымен жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет