Сабақ түрі: теория Реабилитация негіздері. Медициналық реабилитация кезендері өмірдің сапалы категориясы



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі47,79 Kb.
#79368
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Реабилитология негіздері

Дәріс №8


1. Дәрістің тақырыбы: Реабилитология негіздері. Тірек қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория

  • Реабилитация негіздері.

  • Медициналық реабилитация кезендері – өмірдің сапалы категориясы.

  • Реабилитациялық көмектің денгейі.

  • Физикалық тәуелсіздіктің шектеу деңгейі.

  • Сүйек, бұлшықет, жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздері.

  • Жамбас, аяқ – қол сүйектерінің жаралары, тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күтім принциптері және қалпына келтіру.

  • Аяқ – қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясы.

ДДСҰ(ВОЗ)(1980)анықтамасы бойынша медициналық реабилитация ауру немесе функция трамвасы нәтижесіндегі зақымдануды толық жазу егер ол мүмкін болмаса науқастың физикалық, психикалық және қоғамдық потенциалын оптимальды реализациясы, неғұрлым адекватты қоғамға инеграциялауға бағытталған активті процесс (McLellan DL.., 1997 Wade D.Б 1992).
Реабилитация. Қалпына келу Реабилитация адамдардың, жалпы қоғамның денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған ғылым саласы болып табылады. Реабилитацияның мақсаты – адамның физикалық немесе экономикалық тәуелділігін бағалау. Медициналық тұрғыдан, реабилитация адам ағзасы қызметінің бұзылысын қалпына келтіретін және сақтайтын, сонымен қатар әлеуметтік қызметті, науқас адамның немесе мүгедектің еңбекке жарамдылығын анықтауға бағытталған, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік жүйелерді ұйымдастыратын үрдіс болып табылады. Дәлелді медицина бойынша, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды.
Реабилитацияның жүйесі екі кезеңге жүктеледі:
1 Аурудың дамуының ескертуін және белсенді еңбекке жарамдылығын сақтауын жүргізу, яғни профилактикалық.
2 Жеке және толық қоғамдық-еңбек өмірлеріне ертеде еңбекке жарамсыз адамдарды оңалтып оралдыру, яғни бұл қорытындылық.
Реабилитация процесі үш кезеңмен шектеледі:
1. оңалту терапиясы;
3. реадаптациясы;
3. реабилитациясы.
I-кезеңнің басты мақсаты - ауруды белсенді емделуіне физикалық және психологиялық дайындау.
II-кезеңі - ауруды сыртқы жағдайының ыңғайларына үйрету.
III- кезеңі - тұрмыстық дамуы.
Реабилитациялық емдердің әдістері:
1.психотерапия
2.емдік физмәдениет
3.физиотерапия
4.енбек терапия\
Қазіргі кезде денсаулықтың 3 деңгейін бөліп көрсеткен:
Физикалық – өзінің физиологиялық қызметін орындауға қабілетті.
Әлеуметтік – тұлғаның өзінің талабына сәйкестігін көрсетеді.(отражает)
Тұлғалық – психологиялық – бұл адамның жан дүниелік деңгейі.
Реабилитация.
Реабилитология 3 бөлімнен тұрады:
Адамның психосоматофизиологиялық денсаулығы, оның қалпына келу әдісі мен қабілеті; Адам және оны қоршаған ортаның экологиялық реабилитациясы туралы ілім;
Әлемдік көзқарасты реттеу әдісі мен қабілеті.
Медициналық реабилитация – науқас ағзасының еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге және оның ауру нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерінің компенсациясына бағытталған медициналық шаралардың жиыны.
Мүгедектердің реабилитациясы – оның өмірінің сапасын арттыру. Мүгедектердің профессионалды реабилитациясы – еңбекке жарамдылығын жекеше немесе толығымен қалпына келтіру. Мүгедектердің еңбектік реабилитациясы – оларға шамасы келетін жұмысты даярлау. Мүгедектердің әлеуметтік реабилитациясы – өмірінің сапасын жақсарту. Медицина – әлеуметтік реабилитация – аурудың, жарақаттың нәтижесінде қабілетін жоғалтқан науқастардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дәрежесін қалпына келтіру.
Қазіргі кезде 6 негізгі реабилитационды аспект бар:
Психологиялық: псих икалық жағдайды емдеу.
Медициналық –емдік: диагностикалық сұрақтар.
Физикалық: емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы.
Профессионалды: жаңа профессия таңдау.
Әлеуметтік: науқас- отбасы» т.б сұрақтарды шешу.
Экономикалық: реабилитация өткізуге кеткен шығынын есепке алу.
Дәрігер — реабилитолог бағыт- бағдар жасауы қажет: реабилитацияның деңгейі – компенсация, реадаптация; реабилитацияның фазасы – ерте, кеш; реабилитацияның варианттары– курстық, үзіліссіз.
Медициналық реабилитация ұйымының кезеңдері: 
Бұл медициналық реабилитация –стационарлы, санаторлы, емдік реабилитационды болып жіктеледі.
Уақытына қарай жіктелуі:
Операция алды; Ерте; Кеш; Операциядан кейінгі. Жоспарлы операциялық емге хирург, науқас және дәрігер-реабилитолог даярланады. Хирург науқасты анестезиологқа ғана емес, сонымен қатар реабилитологқа да операцияға дейін кем дегенде 15 күн науқасты дайындау керек. Реабилитолог науқастың операциядан кейінгі жағдайына жауапты. Операция консервативті ем нәтиже бермегенде жасалады. Науқас операцияның нәтижелі аяқталатынына сенімсіз болып, дәрігердің өзін қолдауын қажет етеді. Науқасты операцияға психологиялық тұрғыдан даярлау қажет. Хирургиялық емнің мақсаты науқастың ауру сезімін жеңілдету, мүгедек болып қалуына жол бермеу және де еңбекке жарамдылығын қайта жаңғырту болып табылады. функционалды жағдайын жақсарту. Науқас дәрігерге өзінің шағымдарын және ауруы туралы ақпарат береді. Науқастың функционалды қабілеті, ауру синдромы, мотивациясы және әлеуметтік жағдайы хирургқа қаншалықты маңызды реабилитологқа да соншалықты маңызды. Реабилитолог науқаспен операция нәтижелі болуы үшін не істеу керектігін талдауы керек. Көбінесе науқастар операцияға дейін көп жылдар бойы уайымдайды да оларда сопутствующие аурулар пайда болып, операциядан кейінгі кезеңде қиыншылықтар туғызады. Тыныс алуды жақсартатын жаттығулар, дәрумендер және сапалы тағамдарды ғана пайдалану, туған туыстарымен әңгіме жүргізіп олардың қолдауын табу. Хирургиялық техниканың жақсаруына байланысты науқастар арасында жасы үлкен адамдардың саны көбейді. Ондай адамдардың вегетативті жүйке жүйесін жақсарту маңызды. Оларға физикалық күш түсірмей, тек физикалық дағдыны жақсартатын ортостатикалық жаттығуларды ұсынуға болады. Реабилитолог операция жасаған хирургтан қалай жасағанын және қандай қиындықтар кездескенін білуі керек.Хирург пен анестезиологтың өткізген операция жөніндегі жазбаша түрдегі мәліметі болуы аса маңызды.Реабилитолог барлық хирургиялық әдістерді және оның модификациясын хирургтан кем білмеу қажет. Операциядан кейін консервативті ем және қалпына келтіретін терапия қолданылады. Реанимация бөлімінен шыққаннан кейін науқас аурухананың реабилитационды бөліміне жеткізіледі.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшық еттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Оссеин нәруызы сүйекке - серпінділік,иілгіштік қасиет, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ( қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.
Кезеңдеп реабилитациясының жүйесінің бастапқы және аяқтаушысы болып диспансеризация саналады.
Диспансеризация - дегеніміз көмек емінің және бақылаудың, анықтаудың әдісі деп түсінуге болады. Ауруларды диспансерлік топқа үйде қатынауымен, тұрғындарды амбулаториялық қабылдауында медициналық тексеріспен қабылдау арқылы іріктеледі. Неврологиялық бөлімшелерінде жіті кезеңде түскен қозғалуларының және тілдерінің бұзылыстарымен науқастарды емдеуден соң реабилитациялық стационарға түседі. Оның ішінде науқастардың өмір істеріне және еңбекке дамытуын үйретеді, өзін-өзі қамтуға икемдендіреді, айналасындағылардан әлеуметтік тәуелсіздікке үйренеді. Олар әлеуметтік шараларға жатады. Еңбекке және тұрмыстыққа орналастыру, әлеуметтік және еңбектік сараптамалық сұрақтарды шешеді.
Тірек-қимыл аппаратының жарақаттарында немесе сынықтарында госпиталдауға дейінгі кезеңде ең алдымен науқасты жан-жақты тексереді, пальпация жасайды, зақымданған ағзаның ұзындығын өлшейді, буындардағы қозғалысты, ауыру сезінулерін анықтайды. Болған оқиға туралы деректерге және білдірілген шағымдарға сүйене отырып, болжамды зақымдану ауырлығы мен орналасуын айқындайды. Сырттай қарау кезінде жарақаттың сипатына, денедегі деформацияларға, тері жамылғыларының ісінуіне, сызаттарға, домбығып ісінуге, қан кету қарқындылығына көңіл бөледі. 
Кейде сүйек сынықтары қан тамырлық-нервтік шоғырдың зақымдануымен асқынады. Сондықтан зақымданған аяқ-қолдың тіршілік қабілетін анықтау қажет. Бұл қан айналым жағдайына байланысты болады. Мұны терінің түсіне, оның температурасына және шеткі қан тамырлардың тамыр соғысы бойынша зерделейді. Қол-аяқ ісінгенде, гематомада және тканьдер мыжылғанда қан тамыр соғысын анықтау қиынға соғады. Бұл кезде қолдың сыртқы бетімен сау және зақымданған қол-аяқ температурасын салыстыру керек. 
Тірек-қимыл аппаратының жарақатында шеткі нервтердің жағдайын ауыртпалы тері сезімталдығын инемен тексеру арқылы біледі. Пальпация әдісімен барынша ауыратын нүкте, сол телімдегі крепитация (сытыр) ізделеді – ол сынған тұс. Қол-аяқ ұзындығын өлшегенде міндетті түрде сау бөлікпен салыстырылады. Оның қысқаруы сүйек сынықтарының ығысуы бар сүйек сынуы болуы мүмкін. Сүйек сынығы – бұл сыртқы қысымды күш шақыратын сүйек бүтіндігінің толық бұзылуы. Орналасуы бойынша диафизарлық, метафизарлық және эпифизарлық сынықтар ажыратылады. Жұмсақ тіндердің зақымдануы бойынша сынықтардың – ашық және жабық түрлерінің болуы мүмкін. 
Тірек-қимыл аппаратының сынуында шұғыл көмек көрсету кейде асқынуларды болдырмауда аса маңызды. Оны сынған тұсқа новокаиннің 2% ерітіндісін 15-20 мл көлемде енгізу арқылы бастайды. Ашық сынықта жараға асептикалық таңу жүргізіледі. Сүйегі сынған науқастардың бәрі стационарға жолдануға жатады. Тек башпай сүйектерінің жабық сынығында оны жарақат бекетіне жолдауға болады. 

,
Зақымданған қол-аяққа тыныштық, жайлылық тудыру үшін көлікпен тасу кезінде көліктік шиналар қолданылады (Дитерихс, сым темір, пластмассалық, фанералық, үрлемелі және қолдағы материалдардан жасалғаны – тақтай, таяқ және сс. шиналары). Сынған қол-аяқты бекітуде көрші екі буын қамтылуы тиіс. Шиналардың сырты мақтамен немесе дәкемен оралады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет