Сабақ: қазақ тілі Мектеп



бет1/2
Дата05.07.2018
өлшемі168,5 Kb.
#47271
түріСабақ
  1   2

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп:Нығманов атындағы орта мектебі

Күні

Мұғалімнің аты- жөні : Жакуленова Жулдыз Кабылбековна

Сынып: 5

Қатысқандар

Қатыспағандар

Бөлім: 4

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Тақырыбы:

Өсімдік туралы не білеміз ?

Оқу мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге , нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5.ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

- мәтін мазмұнын түсініп оқи алады.

- нақты ақпараттарды анықтайды.

- мәтін бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады.

- Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді таба алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- мәтін бөліктерін ажырата алады.

- мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар құрастыра алдаы..

- тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним,антоним, синонимдерді қолдана алады.



Кейбір оқушылар орындай алады :

Нақты ақпаратты анықтауа бағытталған сұрақтар құрастыра біледі.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.



Бағалау критерийі

- мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды;

- анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады;

- сөздер мен сөз тіркестерінің синоним, антонимдерін анықтайды.

- тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады.

- мәтіндегі синонимдердің баламасын ажыратады.

- көп мағыналы сөздерді табады.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты тірек сөздер мен сөздіктер:

Ассимиляция - өсімдіктер клеткаларындағы зат алмасу;

Тынымбақтар – демалатын орын (саябақ);

Омоним, антоним, синоним.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, биология, әдебиет

Құндылықтарға баулу

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Өмір бойы оқуға дайын болу;



Алдыңғы білім

Ағаштар әлемі


Сабақ барысы

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

5 минут


Сабақтың ортасы
13 минут

12 минут



7 минут


Психологиялық ахуал.

«Допты қағып ал» әдісі. Оқушылардың назарын жинақтап, өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында бір – біріне допты лақтырып, сұрақтарды қояды.


1-тапсырма.

Оқылым алдындағы тапсырма.

Тақырып атауына байланысты «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі» «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы топтар бір біріне сұрақтар қояды



Дәйектеме:

Осы әдісті алуда еске түсіру мақсатын көздедім.



«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау барысында оқушылар өз білімдерінің қаншалықты деңгейде екендігін анықтайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Тақырыпқа сай сұрақтар құрастыра алады

Анықтауыш сұрақ қояды

Жетекші сұрақ қояды

Мазмұнды ашатын сұрақ қояды алады

2-тапсырма

Оқылым тапсырмасы. Талдау.

«Алты неліктен?» әдісі. (Топтық жұмыс).

Мәтінді оқи отырып, топтар «Неліктен?» сұрағынан басталатын 6 сұрақ дайындап, бір-біріне қояды.

Өсімдіктер туралы не білеміз?

Жер шарында өсімдіктердің 500 миллионнан астам түрі бар.  Өсімдіктер тұқым тобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген.

20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер жабықтұқымдылар деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:



  • қызыл балдырлар

  • нағыз балдырлар

  • ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер.

Өсімдіктердің де пайдасы мен зияны болады. Мысалы көк жуаның пайдасы – көк жуа суық тигеннен болатын аурулардың алдын алуға, ас қорыту жүйесін жақсартуға, тәбетті көтеруге көмектесіп, қырқұлаққа қарсы күреседі. Себебі, көк жуаның сабағындағы С дәрумені апельсин  мен алмадағыдан да көп. – Оның құрамында хлорофилл болғандықтан, темір тапшылықты анемия кезінде пайдалы. Көк жуада кальций мен фосфор бар болғандықтан, тіс жағдайын жақсартады. Тіс қанауы азайып, тіс ауруларының ұлғаюына жол бермейді. Өсімдік сабағында цинктің мөлшері мол болғандықтан, әйел адамның репродуктивті жүйесіне, тырнаққа, шашқа және теріге жақсы әсер береді. Өсімдік пайдасына қарамастан, оны қолдануда қарсы көрсеткіштер бар. Егер асқазаныңыз бен ішектеріңіз ауырса, көк жуаны көп қолданбаған жөн. Көк жуаны көп мөлшерде жеу артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Бұл көк жуаны мүлде жемеу керек деген сөз емес, тек көп мөлшерде қолданбаңыз.

Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік.   Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына, тіс ауруында, буынның қабынуында қолданады.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтін мазмұнына байланысыты талапқа сай сұрақтар қояды

Сұрағы дұрыс құрылмаған

Сұрағы мазмұнын ашады, бірақ талапқа сай емес

Барлық талаптарға сай құрылған


Дәйектеме:

Осы әдіс арқылы оқушылар сұрақтар қою дағдыларын дамытады.



3-тапсырма. Оқылымнан кейінгі тапсырма «Ыстық орындық» әдісі. Жинақтау.

Ортаға бір бала шығып, орындыққа отырады. Ал қалған оқушылар ортадағы балаға мәтін мазмұны бойынша нақты ақпаратты анықтауға баытталған сұрақтар қояды. Осылайша 2 сұрақтан соң балалар ауысып отырады.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтін мазмұнын меңгеріп, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар қояды

Жалпы мазмұнға байланысты сұрақ қояды

Сұрақтары нақты ақпаратты ашуға бақытталған


Дәйектеме:

Алған әдіс арқылы көпшілік алдында дұрыс сауатты жауап беруге, талапқа сай тапсырманы орындауға дағдыланады.



Бағалау. «Смайликтер» арқылы бағалау оқушыларды ынталандырады
4 - тапсырма. Жұптық жұмыс

«Семантикалық карта» әдісі»

Мәтіндегі тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді анықтап, кестені толтыр.



Дәйектеме: бұл әдіс оқушылардың грамматикалық білімдерін практика жүзінде қолдану дағдыларын дамытады.



Сөздер

Ауыспалы мағына

Омоним

синоним

антоним

















Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі мен бағалаймын.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндегі тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді анықтап, кестені толтыр.

тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді таба алады

тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, омоним, антоним, синонимдерді анқтап, кестені толтырады


Дәйектеме: бұл бағалау әдісі оқушылардың білімдерін бағалау және ілгерулеріне қолдау көрсету.





http://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/39026/ 

(295 сөз)










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет