49
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы
микроағзаларды жою мен
дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар
әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен,
қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі.
Жоғары температурадан
құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге
болады [7].
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
▪
жоғары бактерицидтілік;
▪
адамдарға зиянсыз болуы;
▪
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
▪
суда еруі;
▪
сақтаудағы тұрақтылығы;
▪
қолданудағы ыңғайлылығы;
▪
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
▪
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар,
олардың қосындылары
қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғыш түріне, өңделетін зат құрылымына,
қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады [6].
Достарыңызбен бөлісу: