С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет45/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

3.3 Дезинфекция 
 
Дезинфекция
(залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды 
споралардан басқа патогенді 
микроорганизмдерді
 жою үдерісі; бұл термин жансыз 
нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады 
[6, 
7].
3.3.1 Дезинфекцияның түрлері: 

алдын-алу (профилактикалық) 

ошақты: ағымды және қорытынды 
Алдын-алу дезинфекция –
анықталған инфекция көздері болмаған жағдайда 
жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты – пациенттің қолданған құралдарын 
жүйелі түре залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қаупін азайту.
Ошақты залалсыздандыру
– ауырған адам мен малдың қасында болып, олар 
сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете 
салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп 
қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу. 
Дезинфекция әдістері: 

механикалық 

физикалық

химиялық 

комбинирленген немесе аралас 
 
 


47 
3.3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі 
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге 
негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Осы 
деректі ескере отырып, бұл іс – шара әлдеқайда тиімді екенін ескерген жөн [7].
Микроорганизмдерді жоюда келесі әдістер қолданылыды: 

Бөлмені және жиhазды ылғалды тазарту 

Сыпыру 

Шаңсорғышпен өңдеу 

Бөлменің ауасын жаңарту және желдету 

Киім – кешекті, төсеніштерді, төсек-орындарды қағып-сілку 

Жуып-шаю және жуу 

Қолды жуу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет