С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


«Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы



Pdf көрінісі
бет53/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 «Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 
3,5 (±0,3) г ақ түсті дөңгелек 
пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоци-ануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және 
қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор 
массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе 
құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.
ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін,
медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды 
күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында 
қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, 
дерматофития), вирустық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.
«Акватабс» дезинфекциялық құралы
– дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; 
белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар 
(натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың 
бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.
Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы 
бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинастыру құралдары, 
жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін 
белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз. 


53 
 «Медифокс»дезинфекциялық құралы – 
инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау 
тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім 
педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-
жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕАМ-дегі қышыма мен 
педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-
ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.
Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте 
ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді 
де қолдануымызға болады [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет