61
1.1
Физикалық (термиялық):
•
Булы – ыстық қанық бумен стерилизация
•
Ауалы – ыстық құрғақ ауамен
1.2. Физикалық (суық):
•
радиациялық
•
ультрадыбыстық
2.
Химиялық (суық):
•
химиялық препараттар ерітіндісімен.
3. Газды
Радиациялық және ультрадыбыстық стерилизация әдістері техникалық қиын және тек
қана ерекше жағдайларда ғана орындалады. Термотөзімді
заттарды суық әдіспен
стерилизациялайды. Барлық бірдей жағдайларда әдетте термиялық стерилизация тән.
Булық стерилизацияда стерилизация төзімділігі қысқа, ал температура құрғақ ыстық ауа
стерилизациясынан төмен.
3.4.3 Стерилизацияның булық әдісі
Коррозияға төзімді металл заттарға, шыныға, текстилге, резеңкелерге қолданылады.
Стерилизацияны қаныққан буда жоғары қысымы булы стерилизаторда – автоклавта
өткізеді.
Автоклав (греч. ауто - өзім және лат. клавис – кілт) – «өзінкілттеу». Автоклав (булы
стерилизатор) су буы камерасы орналасқан, екі қабырғалы котелдан тұрады.
Оған воронка
арқылы су құяды. Пайда болған бу стерилизацияланатын материал орналасқан
стерилизациялық камераға өтеді. Су деңгейін су өлшегіш құбыр арқылы анықтайды.
Аппаратты герметикалық қақпақпен жабады. Қақпақта аппарат қысымын көрсететін
монометр болады. Сыртынан аппарат қаппен қапталған. Аппараттың төменгі жағына суды
жылыту үшін және будың пайда болуы үшін жылу көзін өткізеді.
Аппаратың буға толуы кезінде
ондағы қысым жоғарылайды, соған сәйкес
температура да жоғарылайды. Бу заттың барлық бетіне (поры) өтеді, және ондағы бар
микробтар жойылады. Стерилизацияны стерилизацияланған
металл жәшіктерде өткізеді,
(сурет 5), екі қабатты жұмсақ матадан жасалған ыдыста, пергаментте, қағаздан жасалған
қалтада.
62
Стерилизация үшін қолданылатын металдық биксы (6-ші сурет), диаметрі 16 см (кіші
бикстер) және 45 см (үлкен бикстер), 25 см (орташа бикстер) және көптараған дөңгелек
бикстер шығарылады.
Будың барабан ішіне өтуі үшін, металды терезелі
белдеменің ауысуы арқылы
сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған.
Бикстің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы
қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді
саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін
[32].
Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртеді,
содан кейін жанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің
қабырға жағына дөңгелек
пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына
салфеткамен, төсенішпен жабады.
Таңатын материал мен киім салуда орнатылған тәртіпті қадағалап есте сақтаған жөн.
Бисктен кез келген затты басқаларына тиіспей алу үшін, ұқыпты жиналған киімдерді
секторальді бір-біріне вертикаль жағдайда қояды. Таңатын материалды қорабымен немесе
пакетімен алып шығу үшін оларды ретімен қояды. Бір бикстің үстіндегі төсенішке халатты,
оның үстіне бірнеше дәке салфеткасын және орамалды қояды.
Бұл операциялық
мейірбикенің қолын жуғаннан кейін басқа киімдер мен материалдарды ашпай, оларды
сүртіп және стерилді халатын кию үшін қажет.
Әрбір бикс қақпақшасында онда не бары, стерилизация уақыты, биксті дайындаған
мейірбике тегі көрсетілген жабыстырылған этикетка болуы керек. Бикс қақпақшасын
жапқан соң, оның кенеттен ашылып кетпеуі үшін, оны
шынжырлы ілгегі бар және
тесьмамен қатты байлайды. Аяғында бикстің жақтауындағы тесіктерінің ашықтығын
тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: