С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өңдеу



Pdf көрінісі
бет59/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

2-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өңдеу 
Медицинада қолданатын құралдар дезинфекциядан кейін стерилизациялауға дейін 
өңдеуді қажет етеді — ақуыз, май, механикалық кірленуден, сонымен қатар дәрі 
қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Стерилизацияның алдында тазалау кезінде барлық 
құралдар бөлшектенген түрде ерітіндіге батырылады. Барлық заттар ерітіндіге толығымен 
батырылуы керек 
Ем-шараның орындалуы: 
1. Жууға арналған ерітінді дайындау: 17 мл 27,5% сутегінің асқын тотығы ерітіндісін, 
978 мл суға, 50°С дейін жылыту. 
2. Ершпен,шөткемен әрбір құрал-жабдықты өңдеп жууға арналған суда 30 секунд 
уақытта, жууға арналған суды каналдар арқылы жіберу. 
3. Құрал-жабдықтарды науаға (науа) салу. 
4. Әрбір затты ағын судың астында 30 секунд уақытта жуу, суды құрал-жабдықтар 
аралықтарына жіберу. Науаға салу. 
5. Құрал-жабдықтарды дистилденген суда жуу. 
6. Құрғақ ыстық шкафта 85°С температурада дымқылдықты түгелімен кеткенге дейін 
құрғату. 
Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы дайындау және дезинфекциялау 
сапасын биологиялық және химиялық анализдердің нәтижесі бойынша бағалайды. 
Зарарсыздандыры-лудың алдындағы өңдеудің сапасының тексерілуі азопирам және 
фенолфталеин сынамалары қолданылады. 
Азопирам сынамасы өнімдердің қаннан таза жуылуын тексеру үшін орындалады. 
Іс-шараның орындалуы: 
1.
1% азопирам жұмыс ерітіндісін дайындап, 3% сутек асқын тотығының 
ерітіндісімен бірдей мөлшерде араластыру 
2. Қан жұғындысы бар шыныға бірнеше тамшы тамызып, жұмыс ерітіндісінің 
белсенділігін тексеру. Егер реактивтің түсі өзгерсе, онда реактив «жұмыс істейді» 
3. 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін тамшуырмен жабдықтың қуысына, қысқыш 
бұрандаға, биологиялық сұйықтықтармен жанасу орындарына түсіру
4. 0,5-1 минут ұстау 
5. Сынаманы оқып шығу: 

қызғыл- күлгін түс қан қолданылғанда пайда болады 

қоңырқай түс ашытқы, тот, кір жуу ұнтағы, хлорлы дезинфекцияландыру 
жабдықтары қолданылғанда пайда болады 
6. Сынаманың оң нәтижесінде құрал-жабдықтардың барлығы қайта тазартудан өтеді 
7. Сынама нәтижесін есепке алу журналына жазу [7]. 
Фенолфталеин сынамасы медициналық құрал-жабдықтарды жууға арналған 
ерітіндіден тазарту сапасын тексеру үшін жасалынады. 
Іс-шараның орындалуы: 
1. Құрал-жабдықтың сыртына 1% фенолфталеиннің спирттікерітіндісін жағу. 
2. Құрал-жабдықты мақтаның үстіне ұстау, реактивтің түсін бақылау. 
3. Нәтижесін 2- минут аралығында бағалау. 


60 

Теріс сынама кезінде реактивтің түсі өзгермейді. 

Оң сынама кезінде реактив түсі қызғылт түстен ал қызыл түске дейін өзгереді. 
Стерилизация алдындағы тазалау сапасын бағалау күнделікті жүргізіледі. Бағалау 
жүргізіледі: стерилизациялық бөлімшеде – бір кезекте өңделген әр заттың 1%-ы, 
орталықтандырылған өңдеу кезінде бір кезекте өңделген әр заттың - 1%-ы, бірақ үш 
бірліктен кем емес. Бағалау қорытындысы журналда тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет