С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


 Дезинфекцияның биологиялық әдісі



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

3.3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі 
Сыртқы ортадан инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою биологиялық 
табиғи (микроб-антагонист көмегімен) заттар арқылы қатаң спецификалық тағайындалады. 
Олар негізінен суармалы алаңдар және филтрациядағы іркінді суларды, қоқыстар және 
қалдықтарды – компостарда, биотермиялық камераларды және т.б. зарарсыздандыру 
мақсатында тиімді. Стационарлық жағдайда биологиялық дезинфекциялық заттарға 
сыртқы 
орта 
нысандарының 
алдын-алу 
аурухана 
ішілік 
инфекцияларда, 
стафилококктармен, көк іріңді таяқшалармен және т.б бактериофагтармен өңдеу жатады.
Дезинфекцияның 
комбинирленген 
әдісі-
айтылған 
бірнеше 
әдістердің 
қосындысынан тұрады.
 
 
3.4
 
Стерилизация 
 
 
Ота жасау бөлмесі, босану залдары, инфекциялық бокстарда, ағзасы 
трансплантацияланған науқастардың орналасқан бөлмесінде, шала туған нәрестелер 
кювездерінде асептикалық тәжірибе жіті қолданылады [24, 32].
Асептика – 
емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, 
тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында 
пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды 
қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика - медициналық қолданыстағы 
бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық 
өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын 
қарастырады.
Антисептика
– зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үдерісті 
қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-алдын-алу іс-


56 
шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті 
ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б. 
Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни 
емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, 
сондықтан, алдын-алу маңызды иемденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет