66
Патогенді микрофлорамен зақымдалған медициналық қалдықтары бар қоқыс өртенген
кезде, қатерлі жұқпалы ауру қоздырғыштары желмен ұшып, айналадағы аймаққа таралады.
Кей жағдайда қалдықтарды жерге көмгенде қауіпті микроорганимдер сумен шайылады,
биорганика шіріктерінен бөлінген газ арқылы жер бетіне шығады.
Қазіргі уақытта ҚР барлық аймақтарында медициналық
қалдықтарды жоюмен
айналысатын ұйымдар бар.
ҚР ДМ №533 бұйрығына сай медициналық қалдықтар эпидемиологиялық,
токсикологиялық және радиациялық қауіптілігі дәрежесіне байланысты класстарға
бөлінеді. Басшының бұйрығымен ЕСМ әр құрылымдық бөлімшесінде қалдықтарды
жинайтын, сақтайтын және оны тасымалдайтын жауапты адам болуы керек.
Медициналық
қалдықтарды жинайтын арнайы пластикалық және су өткізбейтін қағаз қаптар (пакеттер),
матадан жасалған таралар, темір мен пластикалық ыдыстар, қауіпсіз утилизация қораптары,
арнайы контейнерлер қолданылады. Қалдықтардың әр классын жинауға арналған
қаптардың, контейнерлердің түсі әртүрлі болуы керек; ыдыстар– маркирленген болуы
керек. Қауіпті қалдықтарды жинайтын
темір мен пластикалық ыдыстар, арнайы
контейнерлертығыз бекітілген болуы керек.
Қауіпсіз утилизация қораптары (ҚУҚ) тығыз (тесілмейтін) және су өтпейтін
материалдан жасалынған, медициналық қалдықтардың шашылмауын немесе түспеуін
қамтамасыз ететін бекіткіш клапаны бар. ҚУҚ тасымалдауға
арналған ұстағышы болуы
керек. ҚУҚ мөлшері медицинада қолданылатын бір реттік заттардың (шприцтер, инелер,
системалар) тәуліктік жиналуынан аспау керек.
Қалдықтары бар қаптарды, пакеттерді, ыдыстарды, контейнерлерді тасымалдау үшін
арбаларды қолданады. Арбаларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.
Рұқсат етілмейді:
1) қалдықтармен жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі класты араластыруға болмайды;
2) қалдықтарды қолмен тығындауға болмайды;
3) арнайы киімсіз және қолғапсыз жұмыс істеуге болмайды;
4) қалдықтары бар ыдыстарды электр құралдарының жанына қоюға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: