С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері



Pdf көрінісі
бет72/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

3.6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-
каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, 
барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.
Жедел жәрдем автокөліктерінде
науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын 
немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда 
ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның 
жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе 
таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-
анасының қатысуымен тасымалдайды (сурет 10). 


75 
Сурет 10. 
Жедел жәрдем 
автокөлігі 
 
Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем 
автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын ауыстыруы қажет. Біреуден артық 
жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда, егер бір 
жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің дәрежесін есепке алған жағдайда 
жүргізіледі. Өте ауыр жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек реанимация 
бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында 
емдік іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
Жағдайы ауыр науқастарды алыс жолға тасымалдау кезінде келесі ережелерді сақтау 
қажет:
• Науқас қызығушылықтарын қадағалау
Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдау кейбір қауіптермен байланысты, егер 
тасымалдау мақсаты (арнайы клиникада ем алу) науқасқа клиникадан алатын емнен пайда 
әкелсе науқас үшін тәуекелге баруға болады.
• Науқас жағдайын минимальді тұрақтандыру
Науқастың өмірге қажетті жүйелерінің (тыныс алу, жүрек-қантамыр) тұрақты 
жағдайда болуымен байланысты жағдайы. Егер науқаста шоктық жағдай болса, басында 
гемотома болған жағдайда хирургиялық емге дейін және жедел инфаркт жағдайында, 
құрсақ қуысында қандай да бір патологияны хирургиялық емге дейін науқасты алыс жолға 
тасымалдауға кеңес берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет