С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Қалдықтармен жұмыс істейтін қызметкердің еңбек жағдайының санитарлы-



Pdf көрінісі
бет68/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Қалдықтармен жұмыс істейтін қызметкердің еңбек жағдайының санитарлы-
эпидемиологиялық талаптары 

Денсаулық сақтау қалдықтарымен, қанмен және биологиялық сұйықтықпен 
кірленген заттарымен жұмыс істейтін қызметкердің алдын-алу шараларын жақсы білуі 
керек, оны ақпараттандыру және оқыту, жұмысты дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік 
техникасын сақтау, жеке тазалықты сақтауы керек.

Қалдықтардың қауіпсіздік классына сай мекеменің қалдықтарды жинау, 
залалсыздандыру және тасымалдаумен айналысатын қызметкерлердің арнайы киімі мен 
жеке қорғаныс заттары (көзілдірік, қолғап, маска, респиратор, қалпақ, етік) болуы керек. 
Қолы қанмен және биологиялық сұйықтықпен кірленетін жұмыстарды резиналық 
қолғаппен істеу керек. Жұмыс кезінде қолында зақымдалулар болса, оны резиналы 
қолғаппен немесе лейкопластырмен жабулы болуы керек. Қан, сарысу немесе басқа 
биологиялық сұйықтықтың шашырау қаупінде төрт қабатты маскада және қорғаныс 
көзілдірікте жұмыс істеу керек.


70 

Қызметкер жұмысқа алынған кезде және кезеңді түрде медициналық 
тексеруден өту керек.

Қалдықпен жұмыс істеуге жіберілген тұлға жұмысқа қабылданғанда және әр 
6 ай сайын қалдықтармен қауіпсіз айналысу инструктажын өтеді, журналға инструктаж 
өткендігін тіркеп, қолын қою керек. Қызметкер гепатит В қарсы екпе жасату керек. 

Жұмыс соңында санитарлық киімді жууға өткізу керек. В класты 
қалдықтарды жинап, залалсыздандырып, тасымалдаумен айналысатын адамның 
санитарлық киімін жумас бұрын, оны зарарсыздандыру қажет. Санитарлық киімді 
медициналық мекеменің кір жуатын бөлмесінде жуылуы қажет. 

Қанмен және биологиялық сұйықтықпен жұмыс істейтін қызметкерарнайы 
киіммен, аяқ киіммен жұмыс істеуі қажет және арнайы киіммен жұмыс бөлмесінен тыс 
жерге шығуға болмайды. Үй киімін және арнайы киімді бөлек шкафқа салып, кезеңді түрде 
залалсыздандырып отыру керек. Қызметкерге жұмыс бөлмесінде тамақ ішіп, темекі тартуға 
болмайды.

Қалдықты жинауға арналған көп қолданылатын ыдысты алдымен 
залалсыздандырып, сосын жуып-шаюды резина қолғаппен және алжапқышпен жүргізу 
қажет [7,15]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет