74
аппараттарын жасауға, жарақаттардың алдын-алу
және емдеу мақсатында, спортсмендер
жаттығу ғылыми жүйесін дамытуға, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға қолданады.
Дененің биомеханика заңын науқастар және оған күтім жасайтын адамдардың
жарақаттанбауы үшін білу қажет. Науқастың сүйек-бұлшықет жүйесі, анатомиялық
ерекшеліктерін, ақау мен жетістіктерін білу науқасты тасымалдауға, оны әртүрлі қалыпта
тасымалдау, төсектегі қалпын өзгертуге қажет. Медициналық қызметкерге де өз сүйек-
бұлшықет жүйесі туралы білуі керек, өйткені тасымалдауға немесе науқастың дене қалпын
өзгертуге жұмсайтын уақыт пен күшін дұрыс есептеуі қажет.
Науқасты тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру – медициналық қызметкер мен
науқастың қауіпсіздігіне кепілдік береді, жоғары сапалы емдік және диагностикалық
процесс жағдайымен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты әр тасымалдауға қатысатындар
қауіпсіздік техникасымен танысуы керек.
Өзі жүру мүмкіндігі шектелген ауыр жағдайдағы науқас немесе адамды тасымалдау
күрделі операция ретінде қаралуы тиіс. Бұндай адамдарды
тасымалдар алдында істеу
жоспары талқылануы керек: мақсаты және баратын жері, қозғалыс ұзақтығы, тасымалдау
түрі және әдісі, операцияға қатысушылар саны, әрқайсының рөлі, қозғалу бағытының
қысқалығы және қауіпсіздігі, науқастың қалпы,
оның жабдығы, қозғалуға көмектесетін
заттар. Тасымалдауды тәжірибесі бар мейірбике басқарады, ол өз кезегінде емдеуші
дәрігерден науқастың ауру ерекшелігі және тасымалдау кезінде науқас жағдайы
нашарлауының алдын-алуы туралы нұсқау алады.
Науқастың өзін де тасымалдауды жүргізуге үйрету қажет. Егер науқас медициналық
қызметкерге көмектесе алатын жағдайда болса, оған тасымалдау мақсаты туралы айтып
беру керек, тасымалдауға ең ыңғайлы қалып туралы кеңесу, ұстаудың ауырмайтын әдістері,
қолмен қармау әдісін қолданғанда қай қолынан ұстауға болатынын білу және тіреуге қай
аяғын қолданатынын білу қажет. Егер науқас медициналық
қызметкерге көмектесе
алмайтын жағдайда болса, онда сенімділік және тыныштық жағдайын орнатуға тырысу
керек, қозғалыстың басталғанын ескерту, қажет болса өткен кезеңдері туралы айтып отыру
немесе қозғалыс кезінде болатын кедергілерді ескерту. Науқастың жағдайын үнемі
мейірбике қадағалап отырады, ол қозғалыстың жылдамдығын, тоқтату, қауіпсіздіктің
қосымша шараларын қабылдау немесе медициналық көмек шараларын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: