71
18:30
Дәрі-дәрмек қабылдау, емдеушаралары
19:00
Термометрия
20:40
Кешкі тазалық
22:00
Ұйқы
Емдеу–сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды.
Науқастың
жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық
ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың
емдеу-сақтандыру ережесін бұзса,
науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық
парағына бұл туралы белгі қойылады.
Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:
✓
белгіленген күн тәртібімен
режимді қадағалау;
✓
дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындау;
✓
белгіленген диетаны ұстану;
✓
тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-
жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды
тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;
✓
палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті
және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;
✓
жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті
тазалау және т.б.;
✓
аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;
✓
ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.
Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс
белсенділігін
қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына
байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері [7, 29].
Достарыңызбен бөлісу: