67
➢
Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ
қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе
пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады.
Тамақ
қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.
Б классты қалдықтарды құрайды:
1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;
2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;
3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық,
вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;
4) патологиялық-анатомиялық бөлімдерінде;
5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;
6) виварияда.
Б классты қалдықтарды жинау ережелері:
➢
Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар,
гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда,
тампондар,
таңатын материалдар, бұраулар, астына салатын жаялықтар,
науқастардың
қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын
пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға
(темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы
байлануы керек;
➢
Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және
залалсыздандырмай бірден
ҚУҚ салынуы керек;
➢
Биологиялық және патологиялық-анатомиялық қалдықтарды қақпағы тығыз
жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;
➢
Клиникалық-диагностикалық,
микробиологиялық,
вирусологиялық
(серологиялық), паразитологиялық лаборатория дағыбиологиялық қалдықтар темір
(пластикалық) ыдысқа немесебикстерге жинауы қажет;
➢
Сот-медициналық экспертиза және вивария
мекемелеріндегі биологиялық
қалдықтарды пластикалық немесе су өтпейтін қаптарға (пакеттер) жинап, қақпағы тығыз
жабылатын ыдыстарға (темір, пластмас) салынуы қажет;
➢
Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу,
канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге
немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: