Білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастар Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты



Дата11.10.2023
өлшемі19,42 Kb.
#184810
Байланысты:
Булақпаева Еркежан химия 2 курс 3 апта
Булақпаева Еркежан химия 2 курс 4 апта

Білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастар

  1. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмүнын толык білуді кажет етеді. Педагогикалық үдерісті басқару — қойылған мақсатка сәйкес шешім кабылдау, ұйымдастыру, бақьшау, баскару объектісін реттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару — тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалык талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік — білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім беру жүйесін мемлекеттік баскару сипаты мынадай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
• білім берудің ізгілік сипатта болуы;
• білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптан қорғауы;
• білім берудің жалпыға бірдейлігі;
• білім берудің зиялылығы;
• білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
• білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналар жатады. Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы — мектеп кеңесі баскарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы — конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы кабылданады. Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.
Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары. Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі. Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнеленуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықгар ретінде оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы кұрылымдық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А. Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, баскару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді. Басқарудың мүндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен түтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) үштастыру; бірыңғай және алқалық баскару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.
2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару технологияларына сиппатама беріңіз.
Білім беру мекемесін басқару ұжымға, оның жеке бөліктеріне, қызметкерлер мен оқушыларға ықпал ету əдістері мен тəсілдерін анықтаумен байланысты. Басқару əдіснамасы басқару əдістерін зерттеуді қарастырады. Əдіс (грек тілінен аударғанда «methodos»- жол) - мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Басқару əдістерінің көмегімен басқарушылық қызметтің негізгі мазмұны жүзеге асырылады. Басқару əдістерінің жеке мəні мен өзіндік даму жолдары бар.[7] Басқару əдістері –бір жағынан, басқару функцияларын жүзеге асыру үдерісі, ал екінші жағынан, өз жұмысын жандандыру жəне оны шығармашылық, мүдделі, белсенді сипатқа ие ету мақсатында ұйым қызметкерлеріне əсер ету процесі.В. Веснин басқару əдістері басқару стилдерін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, соның нəтижесінде басшы мен қызметкерлер арасында өзара байланыс қалыптасатынын жəне басқару стиліне негіз салатын орындаушылардың қызметін ұйымдастыру əдістері екенін айтады. [14] Басқару əдістері сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:əлеуметтік-психологиялық, ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер,экономикалық əдістер. 1) Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері - адамның жəне ұжымның мінез-құлқына ықпал ету жолдары, ұйымның күйі мен көңіл-күйі туралы, жоғары моральдық мəдениет негізінде ұйымда жағымды климатты жандандыру, адам мен ұжымға терең құрмет көрсету тəсілдерін қарастырады.Əлеуметтік-психологиялық əдістер жақсылық жəне қатыгездік, өмірдің мəні, қоғамдағы моральдық қағидаттар, жеке адаммен қарымқатынас жəне т.б. сияқты əлеуметтік жəне жеке маңызды моральдық құндылықтар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мен дамытуға негізделген. Олар жеке тұлғаларға əсер етудің нақты жолдарының еңбек ұжымында туындайтын қатынастар мен байланыстарын қарастырады. Əлеуметтік-психологиялық əдістер – білім беру мен тəрбие құралы ретінде оқыту мақсатына жетуге бағытталған педагогтар мен оқушылар іс əрекетінің өзара байланысын, тиімді қарым-қатынасын анықтау тəсілдері, педагогикалық ұжым мүшелерінің жауапкершілігін көтеру жəне белгіленген міндеттерді орындауға дайындау, ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Əлеуметтік əдістер қызметкердің ұжымдағы орны мен рөлін, бейресми көшбасшыларды анықтау жəне қолдау көрсету, еңбектің соңғы нəтижесіне жету үшін қызметкерлерді ынталандыру, тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету жəне топтағы адамдар арасындағы қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік басқару əдістерінің ішіне: əлеуметтік жоспарлау, əлеуметтік зерттеулер, жеке қасиеттерін бағалау, мораль, серіктестік, бəсекелестік, жанжалды жағдайларды басқару кіреді. 2) Басқарудағы ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер.Басқару субьектілерінің мемлекеттік, жарлықтар, заңдар, ережелер, бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар негізінде обьектілерге ықпал ету тəсілдерін анықтайды, əр басшы мен атқарушылардың міндеттерін, құқықтарын, жауапкершіліктерін тағайындайды. Ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер басқару мен басқарудың барлық деңгейлеріндегі адамдардың құқықтары мен міндеттеріне, басшының өз билігін жүргізуіне, бағыныштылардың жауапкершілігіне жəне ұйымдастырушылық қатынастар жүйесін құруға негізделген. Мұндай əдістер үш топқа бөлінеді: 1. Ұйымдастыру тұрақтандыру - адамдар арасында басқару жүйелерінде ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату (ұйымды басқару тұжырымдамасы, басқару құрылымының құрылымы, қызметкерлер, нұсқаулық, рационализация, реттеу, бақылау жəне қадағалау).
Ұйымдастырушылық-əкімшілік – адамдар мен бөлімдердің бірлескен қызметін жедел басқаруды қамтамасыз етеді. (бұл əдістер келісімшарттар, бұйрықтар, нұсқаулар, шешімдер түрінде жүзеге асырылады). 3. Ұйымдастыру жəне тəртіптік ұйымдастырушылық қатынастар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің міндеттерді орындау үшін жауапкершілігі. Ұйымдастыру əсерлері қызметкерлердің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар: ұйымның жарғысы, бөлімшелердің ережелері, ұжымдық шарт, лауазымдық нұсқаулықтар, ішкі ережелерге негізделеді. Бұл құжаттар ұйым басшысының міндетті бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл топқа жататын əдістер: директива (өткізілетін іс-шаралардың мақсаты, міндеттері, тəртібі, реті жəне орындалу мерзімі көрсетілетін, жазбаша түрдегі қызметтік құжат); тəртіпті белгілеу, міндеттерді бөлу, реттеу, нұсқау беру, бұйрық, қаулы, жалпыға бірдей талап қою, жауапкершілік жүктеу, тапсырмалар беру жəне оны орындау критерийлерін анықтау. Бұйрық - бағыныштыларды өз уақытында қабылданған шешімдерді нақты орындау үшін міндеттейді. Тапсырыстар ұйым басшысының атынан беріледі. Жарлық бұйрыққа қарағанда ұйымның барлық функцияларын қамтымайды, ол басшылықтың жəне құрылымдық бөлімшенің нақты функциялары шеңберінде орындау үшін міндетті болып табылады. Жарлықтарды, əдетте, ұйым басшысының орынбасары атынан беріледі. Нұсқаулықтар мен нұсқаулар басқару процесін жедел түрде реттеуге жəне қызметкерлердің шектеулі санына бағытталған. Тəртіптік жауапкершілік пен айыппұлдар. Тəртіп Еңбек кодексіне, басқа заңдарға, ұжымдық шартқа, келісімдерге, еңбек шартына жəне ұйымның жергілікті нормативтік актілеріне сəйкес айқындалған тəртіп ережелеріне бағынатын барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек тəртібін сақтауға қажетті жағдайларды жасауға міндетті. Мектептің жұмыс тəртібі ішкі еңбек нормаларының ережелерімен анықталады. Тəртіптік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни, жұмыс берушінің өз міндеттеріне жүктелген кінəсінен қызметкер орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін жұмыс беруші келесі тəртіптік жазаларды қолдануға құқылы: ескерту, сөгіс, тиісті негіздер бойынша жұмыстан босату. Бұл əдістердің негізгі механизмдері: ықпал ету, жауапкершілік, талап қою. Аталған əдістер нақты атқарушылардың, орындау мерзімін көрсетеді жəне орындау талап етіледі. Ұйымдастырушылық- реттеушілік əдістерді қолдану білім беру мекемесі қызметінің жағдайына, басшының кəсіби құзыреттілігіне байланысты. Экономикалық əдістер – педагог мамандар мен білім алушылардың еңбектерін бағалауға негізделген, іс əрекет нəтижелерін материалдық ынталандыру тəсілдері, экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, жанама əсер етеді, қажетті бағытта қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру.
Экономикалық əдіс- ұйымның қызмет етуі мен дамуына жағымды жағдайды құруға мақсатты түрде ықпал ететін құралдар мен тəсілдердің жиынтығы. [5] Бұл топқа жататын əдістер: экономикалық есеп, жоспарлау, болжау, экономикалық талдау, экономикалық негіздеме, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру:сыйақы, еңбекақы, марапаттау, материалды көмек. Ал міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл əдістері (қызмет лауазымын төмендету, жұмыстан босату т.б.) қолданылады. Қорытынды нəтиже үшін марапаттау əдісі топтың мүдделерін ынталандырады, ұжымдастыруды көтермелейді жəне жекелеген құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу үшін жалақы қорынан төленеді: еңбек өнімділігін арттыру; өнімдердің, жұмыстардың жəне қызметтердің сапасын арттыру; ресурстарды үнемдеу жəне т.б. Басқару əдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қызметкердің лауазымы өсетін болса, соған сай оның еңбекақысы да өседі.Басқарудың барлық əдістері бір-бірінен оқшауланбайды, өйткені олар белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару жүйесіне ықпал ету жолдарын білдіреді. Белгілі мақсаттарды, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған басқару əдістері қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет