64
1) Температурасы 18°С, экспозициясы 360 минут.
2) Температурасы 50°С, экспозиция 180 минут.
Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен
жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәулік).
2. «Дезоксон-1»
ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды
стерилизациялауға келмейді.
«Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі:
1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 мл ағынды сумен араластырады).
Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы 18°С, экспозициясы 45 минут.
Стерилді
суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады. Стерилді
жаймаға салады. Стерилді мерзімі – 3 тәулік.
3.4.6 Стерилизацияның газды әдісі
Газды зарарсыздандыру әдісін термиялық өңдеуден өткізуге болмайтын объектілерді
зарарсыздандыру үшін қолданады (сурет 9).
Бұл
хирургиялық құрал-жабдықтар, оптикалық және радиоэлектронды құрал-
жабдықтар, кескіш және шаншуға арналған құрал-жабдықтар микронды өткірлегішпен,
кетгут, бір рет қолдануға арналған заттар және басқа да термиялық өңдеуге жатпайтын
синтетикалық пластмасс заттары (зондтар, катетерлер және т.б.), булы,
ауалық және
химиялық (ерітінділер арқылы) зарарсыздандыруды қолдануға келмейтін заттар. Кейде
газды зарарсыздандыруды термотұрақты заттарды зарарсыздандыруға қолданады.
Сурет 9.
Газды
зарарсыздандырушы
Газды зарарасыздандырылуда қолданылады:
•
Этилен тотығы мен бромды метанның қосындысы. Стерилизацияны екі қабатты
полиэтилен пленкасы жинамасында, жуандығы 0,06—0,2 мм,
пергамент, дымқылды
өткізбейтін қағаз қапшада жүргізеді. Газ мөлшері 2000 мг/дм
3
экспозициясы - 240 сағат.
Полиэтилен жинамасында зарарсыздандырылған заттардың сақтау мерзімі бес жылға
дейін, крафт-қағазда - 20 тәуілік.
•
16%-формалин буын оптикалық
заттарды, кардиостимуляторларды,шыныдан
жасалған заттарды, металлдарды, полимерлі материалдардан жасалған заттарды
қауіпсіздендіру үшін қолданады. Стерилизаторды
2
/
3
көлеміне
дейін зарарсыздандыруға
дайындаған заттармен толтырады. Картоннан жасалған қораптан газы бар флаконды алады,
полиэтиленнен жасалған қапша арқылы, бүтіндігін бұзбайды, тығынын ашады, флаконның
ішіндегі затты полиэтиленнен жасалған қапшаға құяды содан кейін зарарсыздандыруға
65
жіберілетін заттың бетіне қояды. Стерилизаторды
қақпағымен жауып, бұранда арқылы
тығыздап тығындайды. Аппаратты герметизациялаудан кейін ұсталымның басы
белгіленеді.
Газды әдіспен зарарсыздандырылған өнімдер тек қана мұқият желдетіп алынғаннан
кейін қолданылады. Металл және шыны өнімдер кем дегенде 1 тәулік желдетілуі керек, ал
резеңке және полимерлерден жасалған өнімдер 5 тәулік, жаралы жерге ұзақ (30 минуттан
ұзағырақ) байланысқа түскен өнімдер 14 тәулік, балаларға арналған өнімдер 21
тәулік
желдетілуі керек.
Камералық газды зарарсыздандыру адамға жоғары уландырғыш әсерін
тигізетіндіктен сирек қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: