С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет60/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Стерилизация
әртүрлі әдістермен жүргізіледі - қысым астындағы бумен, құрғақ 
ыстық ауамен (кептіргіш шкаф), газбен (этилен тотығы, бромды метил), химиялық заттар 
ерітіндісімен, радиоактивті сәулемен. 
Стерилизация әдісін таңдау, стерилизация 
нысанының ерекшелігіне және сол әдіске байланысты. Қойылған стерилизация уақытына 
байланысты барлық патогенді, сапрофитті, сонымен қатар споралы микроорганизмдер 
жойылуы керек, таңдалған әдістер, құралдар және тәртіптер сыртқы түрінің, мықтылығын
экспулатациялық сапасының және басқа стерилизацияланатын заттардың құрамының
ауытқуын тудырмауы керек. 
МТҚ стерилизациясы орталықтандырылған стерилизация бөлімдерінде жүргізіледі 
(ОСБ). ОСБ 3 аймақтан тұрады: «лас», «таза», «стерильді». Барлық аймақ қабырғалармен 
бөлінген. ОСБ «лас» аймағына жұмыс орнынан дезинфекцияны өткен қолданылған 
материал келеді. Қабылданылған лас материал сұрыпталып, бөлмеге ауысады және 
дезинфекцияға дайындық, стерилизация алды тазалау жүргізіліп МТҚ бақылауы іске асады.
Содан кейін, шлюз арқылы (терезеше) МТҚ «таза» аймаққа ауыстырылады. «Таза» аймақта 
техникалық бақылау жүргізіліп, бикстерге салынады (стерилизация үдерісінің 
индикаторлары орналасқан). МТҚ автоклавқа салынып, шлюз арқылы «стерильді» аймаққа 
– дайын зарарсызданған өнімді беретін қоймаға ауысады [7]. 
3.4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері 
Медициналық тәжірибеде негізінде стерилизацияның 3 түрі қолданылады (кесте 2). 
Кесте 2. 
Стерилизация түрлері 
Стерилизация 
түрлері 
Стерилизация 
әдістері 
Әсер етуші агент 
физикалық 
булы 
ауалық 
гласперлендік 
инфрақызыл 
Артық қысымдағы бу 
(120°С, қысым 1,1 атм) 
(132°С, қысым 2,0 атм)
Құрғақ ауа 180 °С 
Қыздырылған шыны дөңгелектері 190–240 °С-
да 
инфрақызыл сәулелену 200+3°С-да 
химиялық 
сұйықтықты 
плазмалы 
Химиялық байланыстар ерітінділері (альдегид-, 
оттегі-, құрамында хлоры бар) 
20 % сутегінің асқын тотығының булары
газды 

этилен қышқылының көмірқышқыл газымен
бромдалған метилмен қосындысы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет