Саламатсыз ба, құрметті оқытушы! Бақылау сұрақтары: Қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету



Дата07.02.2022
өлшемі15,2 Kb.
#85679
Байланысты:
2995 7961 19851
бала құқығы, бала құқығы

Саламатсыз ба, құрметті оқытушы!


Бақылау сұрақтары:

Қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету.
Кросстық жарысқа қатысу үшін, әсіресе, жаңадан бастаған
спортшылар мен мектеп оқушыларына арнайы дайындық қажет.
Жұмсақ грунт, жергілікті жердің ойлы-қырлы жолдары, әр түрлі
бӛгеттерден өту, осындай жағдайлар кросстық жүгірудің
техникасын айқындайды.Кросстық жүгіру адымының құрылымы
жағынан орта қашықтыққа жүгіру әдісіне ұқсайды. Аяқты қою
грунтқа байланысты, яғни жердің сапасына байланысты (ол жер
шӛп, құм немесе асфальт болуы мүмкін). Негізгі мақсат – жүгіру
жылдамдығы мен мықтылығын сақтай отырып, жарақат алмау.
Жоғарылау мен төмендеу марафондағыдай болады, тек қана
биіктен төмен түскенде ағаштарды, шөптерді қолмен ұстап
жүгіріп түсуге болады. Горизонталды бӛгеттерде (шұңқырлар,
канавалар, жарларда)аяқтан-аяққа секіруді қолданады. Тік
кедергілерді, аяқ пен қолды тірек етіп кедергі адымымен ӛтеді
(бөгеттің биіктігіне байланысты). Есте сақтарлығы, бӛгеттерден
өту уақытында дем алу ритмі қиындайды, оны қысқа уақыт
ішінде қайтадан қалпына келтіру қажет. Сонымен қатар, жұмсақ
немесе сырғанақ жолда аяқ артқа сырғанамау үшін, адымды
қысқартып жүгіруді есте ұстау керек. Осындай әдіспен кросстық
жүгірудегі жарыста әдеттегі жүгіріске қарағанда жоғарғы
деңгейдегі мықтылық пен жан-жақты бөгеттен өту жолдарын,
жарыс уақытында болған жағдайды дұрыс әрі жылдамдықпен
шешуді талап етеді.
1. Кросстық жүгіру тәсілі
Кросстық жүгіруден халықаралық жарыс 12 км өтеді. Кросстық жүгіру
дегеніміз – дөңес, кедергілер кездесетін 
жүгіруді айтамыз. Тауға жүгірген кезде табан ұш жағымен 
қойылып, аяқ жедел қойылады, адым қысқартылады. Бөренеден 
өткен кезде табан үстінен нық қойылады. Құм жермен өткенде 
аяқ тез қозғалып көп күшті қажет етеді.Жұмсақ немесе тайғақ 
жерлерде адымды қысқарта алған нәтижелі болады, аяқ артқа 
таймауын есте сақтау керек.. Сөре және сөрелік қозғалыс
«Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының 
іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал 
сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға 
жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты 
талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп 
және тіремей. 
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, 
жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп 
жедел қимыл жасайды. Дене бірте – бірте көтеріліп бір қалыпты 
жүгіруге көшеді. Кросс (ағыл. Cross – кесіп өту, өтіп кету) – ойлы-қырлы жерлерден, табиғи кедергілерден жүгіріп өту. Мұнда жекелей және командалық нәтижелер есепке алынады. Жекелей жарыста ең үздік нәтиже көрсеткен спортшы, ал командалық жарыста барлық команда мүшелерінің көрсеткен нәтижелерінің қосындысы есепке алынады. Кросстық жүгіріс –(ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет