63
10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып
келу.
Автоклавтаудағы стерилизация режимі
Режим 1 - температура 132°С, бу қысымы 2 атм., уақыт 20 мин. Коррозияға қарсы
материалдан, шыныдан, текстильді материалдан жасалған заттар стерилизациясы үшін
қолданылады.
Режим 2 - температура 120°С, бу қысымы 1,1 атм., уақыт 45 мин. Резеңкеден және
латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Режим 3 - температура 134°С, бу қысымы 2 атм.,уақыт 5 мин.
және латекстен,
полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады.
Стерилизацияланған
заттарды
сақтау
мерзімі
постерилизацияланған,
фильтрацияланбаған қораптарда үш тәулікке тең, фильтрлі стерилизацияланған биксте 20
тәулікке дейін.
3.4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
Шыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық
залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді. Бұл стерилизатор
- дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады (сурет 8).
Сурет 8.
Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру
Залалсыздандыратын
камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға
ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін
құрғақ және ыстық ауаны
бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен
қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны
жояды, кейін шкафтың есігі ашық
кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін
ысытады.
Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың
толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру
арнайы дымқылданбайтын қағазда,
ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі
Достарыңызбен бөлісу: