68
қоздырғыш топтарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника шараларын қолдана отырып,
бір реттік арнайы контейнерге салу. Бір реттік пакеттер төрттен үш бөлігіне толғанда аузы
байлануы керек.
➢
Микробиологиялық өскіндержәне штамдар, вакциналар бір рет
қолданатын
тығыз герметикалық орамаға жиналуы қажет.
А, Б, В класс қалдықтары 3-тәуліктен артық сақталмауы керек.
Г классты қалдықтарды құрайды:
1) емдік-диагностикалық бөлімшелері;
2)
химиотерапия бөлімшелері;
3) патологиялық-анатомиялық бөлімшелері;
4) аптекалар;
5) қоймалар;
6) лабораториялар.
Г классты қалдықтарды жинау ережелері:
➢
Г кластың 2 және 3
класс улы қалдықтарын жинап,
тығыз герметикалық
ыдысқа, 4 класс – пластикалық қаптарға оралады.
➢
Қолданылған
люминесцентті лампалар, сынабы
бар құралдарды сақтағанда
және тасымалдағандасынып қалмас үшін, жабық герметикалық ыдысқа жинау қажет.
Люминесцентті лампалар, сынабы барқұралдарды салған ыдыстарды уақытша сақтау үшін
мекемеден арнайы бөлінген бөлмеге қою қажет. Қолданылған люминесцентті лампалар,
сынабы бар құралдарды қайта өңдеуге өткізу журналына есепке алу керек (демеркуризация)
Д классты қалдықтарды құрайды:
1) диагностикалық лабораторияда (бөлімшеде);
2) радиоизотопты лабораториядажәне рентген кабинеттері.
Д классты қалдықтарды жинау ережелері:
➢
Д класс қалдықтарын жинау, сақтау және жою Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген №97 31 қаңтар 2003 жыл, №2198 1
наурыз 2003 жылда мемлекеттік тіркеу құқықтық акті реестрінде тіркелген «Радиациялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған санитарлы-гигиеналықталаптар» (№5.01.030.03)
санитарлы-гигиеналық ережелері мен талаптарына сай орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: