С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет77/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
 
 
www.medvyvod.ru
www.medvyvod.ru
Б
а
с
ы
Б
а
с
ы
Кереует 
Кереует 
А
я
ғ
ы 
А
я
ғ
ы 
Бас 
жағы 
Аяқ 
жағы 


84 
Сурет 18. 
Науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру
 
 
 
3.6.6 Орындық - арбамен тасымалдау 
Кейбір жағдайда науқасты бөлімге орындық-арбамен тасымалдау пайдалы. Науқасты 
бұл әдіспен тасымалдау – жайлы және ыңғайлы [29, 32].
Көбіне арнайы орындық-арбамен әлсіреген науқастарды, егде және қария жастағы 
науқастарды тасымалдайды. Мысалы, науқасты жатқан қалпында тасымалдау және өз 
бетінше жүру қарсы көрсеткіш болып табылса тасымалдауды орындық-арбамен жүзеге 
асырады (бронх демікпесі, өкпе ісінуі) (сурет 19).
Сурет 19. 
Науқастарды тасымалдауға арналған орындық-арба 
www.medchitalka.ru 
reton-n.ru
Бас 
жағы 
Аяқ 
жағы 


85 
Қауіпсіздік мақсатында орындық-арбаның дұрыстығын тексеріп, науқасқа орындық-
арбаға отырудың тәсілін түсіндіру керек.
Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі 
Кереуетте науқасты отыруына көмектесу қажет. Науқастың халатын, шәркейін 
дайындап, киінуіне көмектесу.

Орындық-арбаны науқастың физикалық күшінің көптеу жағына кереуетке аздаған 
бұрышпен қойяды. Орындық-арбаның шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін алып тастап, 
тежеуіштерді бекіту керек.

Науқас тасымалдауға дайын болғанда, оның бөксесі кереует жиегіне таянуы керек, 
себебі ауыстырғанды тепе-теңдікті сақтау мақсатында. Науқас аяқтары еденде тұрып
өкшелері қозғалыс жағына қарай бағытталуы керек. Бұл отыруға ыңғайланған науқас 
денесін бұрған кезде аяқтарының шатаспауына әкеледі.

Медқызметкер орындықтан алыс тұрған аяғын науқас тізелері арасына, ал екіншісін 
қозғалыс бағыты бойынша қояды. Құрсақ және бөксе бұлшықеттерін күштеп, тізелерін 
бүгіп, арқаны тік ұстауы керек.

Науқасқа жақын тұру қажет. Науқасты «3» реттік саны айтылғанда тұруы керектігін 
ескертеміз. Әрбір реттік санда науқас алдыға немесе артқа шайқалып тұруға серпін алады, 
«3» реттік саны айтылғанда тасымалдаушы науқасты өзіне қысып және арқасын тік ұстап 
науқасты көтеруі керек (сурет 20). 
Сурет 20. 
Науқасты кереуеттен орындық-арбаға отырғызу 

Әрі қарай медқызметкер науқас денесімен бірге бұрылып, науқас санының артқы 
беткейі орындық жиегін сезінгенше ұстайды.

Абайлап науқасты орындыққа отырғызады. Бұл үшін тізелерді бүгіп, арқаны тік 
ұстау керек. Науқас орындыққа отырған соң шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін орнына 
қойып, науқас аяқтарын аяқ тіреуішке орналастырады.

Тасымалдауды жүзеге асырамыз. 
Егер науқас қозғала алмаса, ауыстыруға екі немесе одан көп адам қатысады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет