Қауіпсіздік қажеттілігі. Көп адамдарғақауіпсіздік деген беріктік және
жайлылықты көрсетеді. Әрқайсымыз үй, киім, біреудің көмегін қажетсінеміз. Науқас өзін
қауіпсіз жағдайда сезінеді, егер де керует, кресло немесе каталка бекітілген болса, палатада
және дәлізде еден құрғақ және басқа заттар болмаса, қараңғы мезгілде бөлме жарық болса,
көзі көрмегенде көзілдірігі болса. Науқас ауа-райына байланысты киінуі керек, тұратын
жері жылы болуы керек, қажет жағдайда көмек көрсетілуі керек. Науқас өз қауіпсіздігін
қамтамасыз еткендігіне және айналадағыларға зиян келтірмейтініне сенімді болуы керек.
Күйзеліс жағдайын ушықтырмауы керек.
Әлеуметтік қажеттілік – бұл отбасына, достарына қажеттілік, олардың қарым-
қатынасы, бірін-бірі қолдауы, бауыр басу, жақсы көру. Адамдар өзін жақсы көруін, түсінуін
қалайды. Ешкім өзін тастап кетуін, сүйкімсіз және жалғыз қалуды қаламайды. Егер осылай
болса, онда адамның әлеуметтік қажеттілігі қанағаттандырылмаған.
Ауыр ауруларда, жұмысқа қабілетсіздікте немесе жасы ұлғайғанда босқуыс
(вакуум) пайда болады, әлеуметтік жалғасулар жоғалады. Осы жағдайларда әсіресе қарт
және жалғыз адамдарда сөйлесу қажеттілігі қанағаттандырылмайды. Адам бұл туралы
айтқысы келмесе де, әлеуметтік қажеттілікті әрқашан есте сақтау қажет. Науқастың
әлеуметтік мәселесін шеше отырып, оның өмір сүру сапасын біршама жақсартуға болады.
Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі. Адамдармен әңгімелескенде, өзіңнің
жеңісін туралы айналадағылардың бағалауына немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамда
сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі пайда болады. Еңбек қанағат әкелуі керек, ал демалыс
–қанықты және қызықты болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі
неғұрлым жоғары болса, өзін сыйлау қажеттілігі қанағаттандырылады. Еңбекке жарамсыз
және қарт адамдарда бұл сезім жоғалады, өйткені олардың жетістігіне ешкім қуанбайды,
қызықпайды, оларда сыйлау қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіншілік жоқ.