Сұйықтық қажеттілігі - бұл күнде 1,5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын,
бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен,
термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін
сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені
сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін,
2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің
сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.
Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар
қажеттіліктерді
қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін
ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп
есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті
қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын
сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
Ұйықтау және демалу қажеттілігі – ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі
төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі
бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз,
иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.
Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі.
Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл
белсенді жағдай болып табылады. Адамның ұйқысына көптеген факторлар әсер етуі
мүмкін: физикалық шаршау, дәрілер, наркотиктер, өмір салты, эмоционалды күйзеліс,
қоршаған орта және физикалық күш. Ауырсынумен, физикалық шаршаумен, қорқу және
депрессиямен қосарланған кез-келген ауру ұйқының бұзылуына әкеледі. Мейірбике
тағайындалған дәрілік заттардың әсер етуі мен ұйқыға әсерін науқасқа түсіндіру қажет.
Дем алу – физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеген жағдайы. Ұзақ
уақыт қыдырып жүргенде, кітап оқығанда немесе арнайы босаңсыту жаттығуларын жасау
кезінде дем алуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық шам, басқа адамдардың
болуы дем алуғакедергі келтіреді.
Адамның өмір сүруіне дем алу және ұйқы қажет, ол ұйқыда жатқанда қажеттілігін
қанағаттандыруға қол жеткізеді және мейірбикеге көмек көрсете алуы мүмкін.