С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет91/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген 
сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа 
тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар (сурет 37). 
Шараның орындалуы: 
1.
Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу. 
2.
Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.
3.
Бой өлшегішті жұмысқа дайындау. 
4.
Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру. 
5.
Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп 
тұруын өтіну (аяқ киімсіз).
6.
Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп 
тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны. Сыртқы есту тесігі мен 
көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.
7.
Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың 
басына тигізе түсіреді (баспай).
8.
Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың 
дене ұзындығын көрсетеді.
9.
Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды. 
Сурет 37. 
Науқастың бойын өлшеу 
Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін.
Бойды күннің бірінші жартысында өлшеген дұрыс, өйткені 
адамның бойы кешке қарай 1-2 см кішірейеді. Бұның себебі –
шаршау, бұлшықет тонусының төмендеуі, омыртқа аралық 
шеміршек дискілерінің және тік жүру нәтижесінде табанның 
тегістелуі. 


105 
Дене салмағын өлшеу 
Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін 
өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді 
жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38). 
Өлшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті 
босатқаннан кейін жасайды. 
Шараның орындалуы: 
1. Таразыны қосу 
2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет. 
3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну(аяқ киімсіз), 
қажет болса науқасқа көмектесу.
4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет. 
5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу. 
6. Нәтижені тіркеу қажет. Сурет 
38.
Дене 
салмағын өлшеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет