С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет41/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

3.2.2 Қызметкердің гигиенасы 
Жеке бас гигиенасының ережесіне: күнделікті душ немесе ванна, халаттың және басқа 
жеке киімдердің жуылуы; ауыздың және мұрынның (бірреттік масканы киюі) қорғануы; 
адамдар жанында тұрған кезде жөтелгенде және түшкіргенде басты басқа жаққа бұру, 
қолды жуу [7, 32]. 
Стационарда қызмет атқарушы персонал ауысымды жұмыс киімін: халат 
(хирургиялық киім), қалпақ, бірреттік қолғаптар, маскалар пайдалануы қажет. 
Медициналық киімнің аймақтары жеке киімді толықтай жабуы тиіс. Шаштың барлығы 
толықтай қалпақпен жабылуы тиіс. Ауысымды аяқ киім тоқусыз материалдан, дезинфекция 
үшін жетімді, ыңғайлы және шусыз (биік өкшесіз) болуы керек. Жұмыс орнында 
шәркейлерді киюге рұқсат етілмейді. Макияж барынша табиғи болуы қажет. Барынша 
ароматталған дезодарантпен және әтірді пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар 
науқастарға аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін. Медициналық қызметкерден жағымсыз 
киім, темекінің иісі шықпау керек.
Инфекциялық науқастарды тексеріп жатқан қызметкер жұмысқа келгеннен соң жеке 
киімін шешіп, санитарлық нормамен қаралған жұмыс киімін және аяқкиімін киюі керек. 
Жұмысты аяқтағаннан соң санитарлық өткізілімдегі өңдеуден (душ қабылдау) өтуі керек. 
Үй киімін және арнайы киімді бөлек – бөлек шкафтарда сақтау керек. Халаттың ауысуы, 
қалпақты (жаулықтардың) аптасына 2 реттен өңделуі керек. Жұмыс киімнің науқастардан 
ластануы кезінде тез арада ауыстырылуы тиіс. Шаруашылық қызметкерлер (шаруашылық 
меңгерушісі, сантехник, столяр және т.б.), бөлімшеге кірерде санитарлық халат киюі, 
шығарда бөлімшеде қалдыруы қажет.
Емделушінің санитарлық өңдеуінде, асхананы тазалауда, медициналық, дәріханалық 
ыдыстың, сонымен қатар горшоктардыжәне судноларды өңдегенде резенкеліалжапқыш 
кию керек. Ауруды тасымалдар кезінде, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырарда
жұмыскерлер (медбике, санитар) өзінің халатының үстінен 2–ші халатты киюі тиіс, себебі 
науқасты ауыстырарда халат дезинфекцияға тапсырылады. 
Қызмет атқарушы жұмысшыға тиым салынады: 

аурудың кереуетіне отыруға; 

бөлімшеге немесе жұмыс орнына арнайы киімсіз келуге; 

арнайы жұмыс киімімен инфекциялық бөлімшеден шығуға немесе жұмыс киімнің 
үстінен басқа киім киюге, қандай жағдайда болсын арнайы киімді үйге әкетуге; 

асханада немесе буфетте арнайы жұмыс киіммен тұруға; 

ауруларға арналған әжетхананы пайдалануға, науқасқа қатысты ыдыстарды немесе 
басқада заттарды пайдалануға; 

тамақты палатада, дәлізде немесе зертханаларда пайдалануға; 

палатада, дәлізде немесе зертханада темекі тартуға; 

бір бөлімшеден басқа бөлімшеге немесе палаталарға еш себепсіз кіруге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет