15
* Сызба – жүйені, құрылғыны, бірнәрсе бөліктерінің өзара орналасуын, нысандар
арасындағы байланысты бейнелейтін сызулар.
І.15. ГРАФИКТІ* ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК
1. Графикті талдау
График уақыт немесе өзге де бір «х» өлшемдерге байланысты тәжірибе
жасаушының қалауы бойынша өзгеріске ұшырайтын қандай да бір құбылыстың
өзгерісін бейнелейді. Бұл өзгеріс {y=f(x)} деп белгіленеді, мұндағы у-зерттелетін
құбылыс, ол х- айнымалы шамаға тәуелді болады. Графиктің барлық
элементтеріне: график осьі, масштабы, өлшем бірліктеріне мұқият бол.
2. Графикті жұмысқа дайындау
Графикті бөліктерге бөл және оларды белгіле.
Графикке тән нүктелерді белгіле.
Алған білімді пайдаланып, графикке тән нүктелерді сипаттауға тырыс.
Түсіндіре алмасаң, арнайы немесе қосымша әдебиетті пайдалан.
3. Редакциялау-талдау
Өз білімің және тақырыпты оқығанда алған білімнің негізінде графикке тән
нүктелерді сипатта. Бір графикте бірнеше қисықтар салынса, олардың арасындағы
қатынасты анықта.
* График - қандай да бір Ү шамасының басқа бір Х шамасына тәуелді түрде өзгеруін
бейнелейтін сызық. График фигуралардың қиындылары мен аудандарының ұзындығы
бейнеленетін қандай да бір шамалар арасындағы нүктелер бойынша құрылады.
І. 16. ГРАФИК ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК
а. График құру
X және Y осьтеріне (Y-зерттелетін функция, X – айнымалы шама) соңғы
шамаларды жаз.
Графикті өзіндік бөліктерге бөл.
б. Талдау
Графиктің бұл бөліктерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтай
отырып талда.
Достарыңызбен бөлісу: