7
өзгелердің білгендерімен бөлісуді, қажетін алуды, өз жұмысын бағалауды, кеңес сұрауды,
ақпараттар мен қолдау іздеуді білуі тиіс.
Өмірде игі табыстарға жету үшін шұғылданып жатқаныңа сенімді болу және
мотивация қашанда оң ықпал етеді. Түйінді мәселелерді шешуге деген жігерлілік оқуға және
кедергілер мен өзгерістерге өздігіңмен төтеп беруге қолдау көрсетеді. Алған білім мен
өмірлік тәжірибелерді қолдануға ынталы болу, оқуға мүмкіндік табуға және біліміңді өмірдің
түрлі жағдайларында қолдануға ұмтылыс жасау – бұлар әрдайым оң жолға бастайтын
бағдаршам іспетті.
Оқудың 101 техникасы ұсыныллған бұл кітапты, негізінен, оқу техникасының шағын
энциклопедиясы деп санауға болады. Оқу техникасын меңгерудің «ерте-кеші» жоқ.
Сондықтан да бұл еңбек оқуды өмірлік салтқа айналдырғандарға – оқушылар мен
студенттерге, мұғалімдер мен ұстаздарға, аспиранттар мен ғалымдарға, барлық сала
мамандарына арналған. Жол болсын!
Құрастырған Рудик Г.А.
профессор,
педагогика ғылымдарының докторы,
техника ғылымдарының
кандидаты
Достарыңызбен бөлісу: