9
налдарда: «Қыздарбек, Әбди, Сембек деген күйшілер бопты...» – деп қана
жазатын. Мұны оқыған талай адам: «Бұлар көне заманда өмір сүрген
біреулер шығар...» – дейтін. Мүмкін, солай айтқызу сол күйшілерді оққа
байлаған совет заманының билігінде отырғандарға керек те шығар.
Арқаның осы тұсының бұл атақты күйшілерінің өмір жолы да, туынды-
лары да еріксіз ұмыт болып бара жатты. Оққа байланғандардың өмірі мен
өнерін зерттеу де қатерлі еді. 70-жылдардың орта кезінен Қыздарбек күйші
мен оның шәкіртгерінің өмір жолын түгендеуге кірістім.
Тоқсанға келген
Қази ақын, жетпістен аскан Бегімсал күйші, Дәулетбек Сәдуақасұлы,
Жағыпар домбырашылар, Әбдіғали молла, т.б. аттарын хатқа түсіріп,
«Ақшағыл» совхозындағы Орал Исатайұлының үйіне ат басын тірегенмін.
Қолымда – бір кісі зорға көтеретін магнитофон. Орал ықылас бере қарсы
алды. Келген мақсатымды естіген соң тіпті қуанды. Іздеп, жазатын бір
адам шықпас па екен деп өкінішпен жүргенін де жеткізген.
Орал шертпе күйлерді молынан игерген екен. Күй өнеріне әкесі Исатай
баулыған екен. Кейін атақты Рысқұлбек күйшіден тәлім алған. «Қасқа
тайымды мініп, Рысқұлбек күйші қай ауылға барса да,
жаз бойы соңына
ілесіп кете беретін едім», – деп еске алған Орал. Иә, бұл – өнерге шын
берілген адамның сара жолы.
Сол күні талай-талай күйшілерді еске алып, солардың күйін жаңғырта
тыңдап, бір мерейлі болғанбыз. Қыздарбек пен оның шәкірттері Әбди,
Сембек, Мақаштың күйлерін таспаға түсіріп алдық. Әсіресе, Оралдың
орындауындағы Әбдидің жалғыз баласы өлгенде шығарған «Тәубе
қосбасары» (кейде мұны «Әбдидің зары» деп те айтады) тіпті ерекше.
Жалғанның түбі осылай дегендей, жалғыз ішектің «дың» еткен ды-
бысы әлемге тарап сөне бере, оқ тиіп, үш аяқпен қашқан құланның үні
естілгендей зарлап әкете береді де, жан-жүйең бір тылсымға еніп кете
бересің.
Қыздарбектің күйлерін радиоға да, басқаға да өткізе алмай,
консерваторияға келіп, Тымат Мерғалиевке тыңдатқан едім. Тыматтың
өксіп жылап отырғанын көзім көрді. «Япыр-ай, екі ішектің үнімен осын-
шама қасірет пен қайғыны қалай берген?» – деп көзін сүрткен еді Тымат
аға.
Сол жолы Қыздарбек Әбдиге арнап «Жұбату» күйін де шығарған екен.
Оны да бізге жеткізген – осы Орал Исатайұлы. «Сіздің зерттеуіңіздің
бір ұшы қазақтың тартқан қасіреті ғой, ендеше жүріңіз», – деп
10
1931 жылы осы маңның талай адамы атылған
Құрымбай сайын да көр сет-
кен Орал еді.
Қыздарбек пен оның шәкірттерінің күйлерін радиодан бергізе алмай,
оның үстіне Абылай ханнын күйлерін де өткізе алмай, талай-талай ащы
сөз естіп, тауым шағылып жүргенде осы Орал, Дәулетбектер өртке су сеп-
кен қарлығаштай, домбыраны шертіп-шертіп жіберіп,
жанымды жадыра-
тып, рухымды көтеріп, жүзі мұқалған пышақты қайрап-қайрап салғандай
ететін.
Ақыры 80-жылдардың бас кезінде Қазақ радиосы бір сағат бойы
Қыздарбек пен оның шәкірттерінің шығармашылығы жөнінде бір
сағаттық хабар берді. Бұл арпалыста Илья Жақановтың, Ақселеудің, На-
ров Төлеутайдың еткен көмегін айтпаса болмайды. Сонда Орал түнделетіп
үйге келіп, қуанышты шексіз бөліскен еді.
1997 жылдың күзі болатын. Астанадан келген тележурналист Төлеутай
Дамиевті
ертіп Ақжал барып, түнделете Ақшағылға жеттік. Мақсаты-
мыз – Кенесары қамалына бару. Орал бізге ілескен.
Түнімен сан адаса
жүріп, Қызылтауға жетіп, ақыры қамалға ат басын тіредік. Орал қамал
іргесінің қалдығын өлшей жүріп ғажап шабыттанды. Қамалдың биіктеу
бұрышындағы тасқа жайғасып, талай-талай күйлерді жүректі шымырла-
та отырып тартқаны естен кетер ме?!
Иә, өмірі өтіп барады екен... Ол 1999 жылы кенеттен қайтыс болды.
Орал Исатайұлы 1943 жылы Қарабұлақ ауылында
өнер иесі Исатайдың
отбасында дүниеге келген. Онжылдық мектепті Ақжалда бітіріп, еңбекке
араласқан. Сол тұста «Ақшағыл» совхозы құрылып, сол шаруашылықтың
жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметін атқара жүріп Қарағанды пе-
динститутын тәмамдаған ол сол совхоздағы мектепте қатардағы мұғалім,
кейін өзі дүниеден өткенше мектептің директоры болып қызмет атқарды.
Өмірде осындай қазақ өнеріне шын берілген,
шын жанашыр болмаса қазақ
мәдениетінің қаусап қалған қабырғасы түгенделмес еді.
«Шет шұғыласы».
09.10.2014