Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет29/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Сапа дегеніміз не?
2. Өнім сапасының көрсеткіштерін атаңыз.
3. Өнімнің эргономикалық көрсеткіштері дегеніміз не?
4. ИСО 9000: 2000 сериясының талабына сай, сапа менеджмент 
жүйесінің құжаттары қандай бастамаларды біріктіреді?
5. Сапа жүйесінің қандай модельдерін білесіз?
6. QS-9000 жүйесіне кіретін құжаттамаларды атаңыз.


56
3-ТАРАУ. 
САПА МЕНЕдЖМЕНТ ЖүйЕСІ ЖАйЛЫ МӘЛІМЕТ
3.1 Сапаны басқарудың тотальды жалпылама жүйесі (TQM) және 
қолдану бағыттары
Сапаны тотальды басқару (TQM) дегеніміз – кез келген қажетті 
бұйымды (затты) өмірге келтіру барысындағы үдерістердің сапасын 
қамтамасыз ету концепциясы.
Бұл концепцияға жан-жақты ойластырылған, сапаны басқарудың 
арнайы тәсілдері мен жүйелерінің бұйым шығарудағы барлық 
кезеңдерінде қолдану шарт.
Әдетте, бұйым шығарудың аталған кезеңдеріне ғылыми-зерттеу 
және құрастыру, саудаға даярлау, қызмет ету және бұйым істен 
шыққаннан кейінгі пайдалану мәселелері кіреді. Осы кезеңдердің 
бәрінде де басшылық және көптеген өндіріс қызметкерлері өздерінің 
техникалық-технологиялық мүмкіндіктерін орынды пайдаланулары 
қажет.
Нақтылай айтсақ TQM дегеніміз – қойылатын талаптарға қарай са-
паны, жіктелген мақсаттарды және техникалық шарттарды басқару.
Сүйтіп сапаны тотальды басқару тұйықталған цикл ретінде, сапа 
құрылымдарының күллі элементтерін басқару болып шығады. Са-
паны тотальды басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы (3.1-сурет) 
көрсетілген.
3.1-сурет. Сапаны тотальды басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Сапаны тотальды басқаруда, өзінің үш бөліктен тұратын 
ұйымдастырушылық құрылымы бар, сапа жақсарту үдерісінің басқару 
технологиясы, олар: жетілдіру жүйесі, 
техникалық қызметті өтеу 
жүйесі және түпкілікті жүйе.
Түпкілікті (өзекті жүйе)
жүйе дегеніміз – зерттеу және талдау 
үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұлар жалпы қалыптасқан 
математикалық аппаратта, тексерудің статистикалық әдістерінде оты-
Сапаны тотальды бас ару
қ
Сапа
саясаты
Сапаны
жоспарлау
Сапаны
қамтамасыз
ету
Сапаны
жетілдіру
(жа сарту
қ
)


57
рады, сондықтан бұларды барлық фирмалар қолданады және оларды 
шетелдерге де импорттауға болады.
Техникалық қызмет өтеу жүйесі дегеніміз – жұмысшы кадрларды 
арнайы бағдарламалар мен амалдар арқылы жұмыс бабына үйрету. Бұл 
жүйе әр елдің ондаған мекемелерінің ерекшелігін көрсетеді.
TQM жүйесінің жетілдірілуі және дамуы өте ерекше, мұның ел 
экономикасы мен ондағы заңдылықтарға тигізетін әсері өте зор.
Сапаны тотальды басқару жүйесі халықаралық тәжірибелер 
жиынтығын ескере келе, өзінің ішінде сапаға қажетті талаптар пакетіне 
толы, олар:
1. Мекеменің негізгі мақсаты – сапа;
2. Жоғары басшылықтың белсенділігі; 
3. Басқарушы кадрлардың қажетті іскерлігі;
4. Қызметкерлерді ұтымды бағдарлау;
5. Сапаны тұтынушылардың талаптарын сәйкестеу;
6. Сенімді жабдықтаушыларды тарту;
7. Басқарудың стратегиялық бағыты;
8. Қолжетімді мақсаттарды қою және нәтижелерді бағалау;
9. Дағдарыстық жағдайлардан сақтау;
10. Сапаны үздіксіз жетілдіріп отыру;
11. Өндірістік үдерістерге бағыттау;
12. Басқару құрылымының дұрыстығы;
13. Бенчмаркинг;
14. Сапаның контроллинг және мониторингі.
Осы қағидаларға сүйене отырып, сапаны тотальды басқарудың 
мақсатын мегзеуге болады.
Бұйым сапасы – сапаны басқарудың ең негізгі мақсаты. Ол үшін 
мекеменің барлық ресурстарын ұтымды пайдаланып, бұйымды 
тұтынушының талабына сәйкестеп шығару қажет.
Сапаны тотальды басқару (TQM) жүйесінің негізінде 9000 сериялы 
ИСО стандарты жатыр.
Дегенмен заманауи сапа жүйесі үшін бұл стандарттың қоятын та-
лаптары өте мардымсыз да, оның минималды фундаментін құрады.
9000 сериялы ИСО стандартында сапаны басқаруға төмендегідей 
әдістер мен құралдар пайдаланылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет