16
лықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған
тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар
бір-біріне қарама-қайшы келмейді.
Философияға келер болсақ, ондағы сонау көне заманда қойылған
метафизикалық сұрақтар осы күнгі ұрпақтарды да тебірентеді, оларға
әр дәуір өзіндік жауабын
ұсынады
(metaphysіca – грек сөзі, физикадан
кейін, яғни болмыс жөніндегі тәжірибенің шеңберінен шығып кететін
мәселелер).
Оқырманның байқағанындай, философия статусы (status – латын
сөзі, мәртебе) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сон-
дықтан
Батыс елдерінде философияны
тіпті
өнер саласына
жатқы-
затыны мәлім (the Art – ағылшын сөзі, өнер).
Мысалы, А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері –
оның ғылым жолымен дамуында, ал, шынында, философия көрке-
мөнердің бір түрі ғана», – деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз
олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыда айтылғандай, философия саласында қызмет еткен әр
ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы,
дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңды
қайта-ланбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға
атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық
болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда
өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше
болып көрініп тұрады.
Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің
алдымызда
Достарыңызбен бөлісу: