жаңа ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне
кіргізу (
марксизм-ленинизм ) амалы, бұрынғы діндермен күресу,
оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүргізілді.
Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Еуропа ой жүйесінің логикалық
соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта
жер бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында
жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек
емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай
өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және үйлесімді түрде өзінің дарын-
дары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіліктерін
кедергісіз өтей алады.
Алайда мұндай «жердегі жұмақ» орнатуға бағышталған орасан зор
ерлік және сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе
70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Комму-
низмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің
мәнмағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы әлемдік діндердің
шеңберіне қайта оралды.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан
қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда, қайшылық-
тарға толы өркениетке бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана
дін болуы қажет сияқты. ХIХ ғасырдың ортасында Иран топырағында
пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып, орындауға
тырысуда.
Екінші жағынан, ХХ ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс,
миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетіс-
тіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі
көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа
дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіреді.
§ 2. Философия – ғылым ба, әлде өнер ме? Жоғарыда атап өткеніміздей, дүниеге деген діни көзқарасқа қана-
ғаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде-ақ пайда болып, аса
ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы жөніндегі