11
іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті
қағидалар (absolutus – латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).
Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды құрайды.
Оларға Құран, Таурат, Талмұд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға
болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше
түрлі табиғат заңдылықтарына бағынбайтын, оларды бұза алатын
ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі ең ғажабы – адамның
рухының, жан дүниесінің өлместігі.
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін бер-
ген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық
орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзған
адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың
кешіріміне жете алады.
Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниені сезімдік-құндылық
тұрғыдан игеруінде, ал дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген
көзқарастарға дін қарсы келеді.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер, қоршаған
ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізінде жасалған күрделі өзгерістер
діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады.
Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan – грек сөзі, бәрі,
theos – құдай, deus – латын сөзі, құдай).
Достарыңызбен бөлісу: