Серік Мырзалы философия оқу құралы


Пантеизм дегеніміз – Құдайды табиғаттың ішінде еріту,  табиғаттың



Pdf көрінісі
бет7/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Пантеизм
дегеніміз – Құдайды табиғаттың ішінде еріту, 
табиғаттың 
өзін Құдай
ретінде түсіну. Құдайға деген мұндай көзқарастың 
шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды.
Деизмді
алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі 
тек дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратуымен танылады. 
Жаратылған дүние ары қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы 
өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына 
күмәнданған 
атеистік
көзқарастар да туды (atheos – құдайсыз, құдайға 
қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас 
ұстаған адамдардың саны аз емес.
Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана қоршаған 
ортаны түсіну емес (ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым 
жақсы орындайды), ол – оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адам-
дардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке кел-
тіруші қызметі. Яғни дін қоғамдағы 
мораль 
(mores – латын сөзі, 
әдет-ғұрып) 
саласын
өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің 
ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне 
жаратады. Сонымен, қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам 
өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma – латын 
сөзі, басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға 


12
айналдырады. 
Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік
дінде 
Құдай алдындағы адамның 
борышына, парызына
айналады. Адам-
ның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан 
гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында 
моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, 
жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор әсерін тигізеді. 
Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің 
рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек 
пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген 
сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол – өте қиын жол.
Сонымен қатар діннің ішінде жалпыадамзаттық құндылықтардан 
басқа, соларға қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, 
Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбітшілік емес, қылыш әкел-
дім», – деген қағидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», «ғазауат» 
деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат 
тарихында талай діни соғыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, 
Израиль мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этностық 
қайшылықтар жатыр.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет