Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет4/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

космогониялық
(cosmos – грек сөзі, әлем, genesіs – грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) 
аңыздар. Оларда көбінесе дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos – 
грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. 
Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке 
бөлініп, дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары пайда 
болады. 
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекше-
ліктерін атап өтуге болады? 
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың фор-
масы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, сая-
сат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. 
Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың 
синкретикалық
түрі 
деп есептейді (synkretіsmos – грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген 
деген мағына береді).
Екінші ерекшелігі – мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, айнала 
қоршаған ортаны 
антропоморфизациялау
, адамның өзіндік мәндік 
қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен 
заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, құштарлығы бар деп 
түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте 
Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары. 
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта
әлеуметтік қатынастар 
көркем сөз арқылы
бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының 
аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropоs – грек 
сөзі, адам, centrum – латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір 
жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы 
еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен дүние жара-
тылады», – деген пікір айтады.
Көне заманда Күн мен Ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар 
адамдардың өмірінде кең орын алған. Күн сәулесінің жер бетіндегі 


8
тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, 
Күн Құдайы негізгі табынатын құдайлардың біріне айналған. Сонау 
көне заманда пайда болған дөңгелек Күнге ұқсатылып жасалған. 
Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша – тян) 
табынып: «Жер мен тіршілікті, адамды жаратқан – сол аспан Құдайы», – 
деп есептеген.
Қоршаған ортадағы өзгерістер, қайталау үдерістері, жыл маусым-
дарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су, 
т.с.с құбылыстар көне мифтерде жұлдыздар мен планеталардың орна-
ласуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы жұлдыздардан 
тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды 
анықтайды деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық болжамдар сол көне 
замандағы пайда болған мифтерге сүйенеді. 
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды Құдай-әйел алады 
(қазақтың Ұмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с). Құдай-әйел – құнар-
лылықтың, жер бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол – аңшыларға сәттілік 
әкелетін, жер мен мал шаруашылығында мол өнім тудыртатын Құдай.
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арнал-
ған мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде 
әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, 
үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдай бейнесін жасады. 
Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Біріншіден, Құдайлар – мәңгілік жандар, ал адам болса дүниеге 
уақытша келеді. Себебі, Құдайлар алғашқы мәңгілік табиғат заттары-
нан жаратылған, ал адам болса ол – бір мифтерде Құдайлардың саз-
дан жаратқан пендесі, екіншілерде – Құдайдың сөзінен пайда болған. 
Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамға егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, 
тазалығымен құдайлардың мейірімін туғызса, кішкентай да болса, 
мәңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады.
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың 
өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі, жылайды, 
қуанады, өкінеді, ғашық болады, т.с.с. Оны біз мифтегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет