Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет165/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Бернард Ман-
девиль
(1670-1733 жж.) А.Шефтсберидiң моральдық философиясының 
iргетастарын аударып тастап, оған қарама-қарсы жатқан идеяларға 
келедi. Негiзгi еңбегi – 
«Аралар туралы ертегi»
.
Араның ұясында байлық пен қайыршылық, күнбе-күнгi той-
думан мен ауыр еңбек қатар өмiр сүрiп жатыр. Онда бәрi де саты-
лады. Ашқарақтық, тәкаппарлық, көреалмаушылық, алдап-арбау қай 
жерде болса да кең етек алып, бәрi де баюға тырысып жатыр. Осының 
нәтижесiнде араның ұясында гүлдеу, жақсы өмiр сүру байқалады.


188
Күндердiң бiр күнiнде барлық аралар моральдық жолға, iзгiлiкке 
бетбұрыс жасайды. Сол сәтте ұяда таңғаларлық өзгерiстер пайда бола 
бастайды. Байлық пен той-думан келмеске кетiп, ұя бiрте-бiрте әлсiреп, 
соңында құриды.
Бұл ертегiден шығарған Б.Мандевильдiң қорытындысы: бiр 
жағынан, жақсы өмiр сүрiп, екiншi жағынан, адал болу мүмкiн емес. 
Оның негiзгi себебi – адам өзiнiң терең табиғатына сәйкес өзiмшiл, тек 
өзiне болғанын қалайды. Әрине, мұндай идеяны Б.Мандевиль тарихта 
бiрiншi болып айтып отырған жоқ, оның алдында Т.Гоббс та осындай 
пiкiрде болған. Бiрақ, оның ойынша, адамның моральдық тұрғыдағы 
терiс жақтары қоғамның өмiр сүруiне кедергi емес, керiсiнше, оны 
күшейтiп бiрiктiредi. «Бiздiң бұл дүниедегi зұлымдық дегенiмiз
моральдық, я физикалық тұрғыдан алсақ, шынына келгенде, – ұлы 
принцип, соның арқасында бiз әлеуметтiк пенделермiз, егер зұлымдық 
күндердiң бiр күнiнде жойылса, онда қоғам күйреп, тiптi ыдырап кетуi 
мүмкiн», – деп қорытады Б.Мандевиль.
Егер А.Шефтсбери моральдың қайнар көзiн адамның табиғатынан 
шығарса, Б.Мандевиль, керiсiнше, «мораль – қоғамның туындысы, ал 
моральдық құндылықтарды тудырған – ұлы тұлғалар» деген пiкiрге 
келедi. Олар адамдарды өздерiнiң құштарлықтарына тосқауыл қоюға, 
қоғамдық жалпы мүдделердi биiк дәрежеде ұстауға үйреттi.
«Моральдық құндылықтардың пайда болуы туралы зерттеу» деген 
еңбегiнде Б.Мандевиль қоғамға әлдебiр зұлымдықтың қажеттiгi мен 
пайдалылығынан гөрi, оларды жеңу, ауыздықтаудың мәнiн баса айтып, 
моральдың пайда болуының қайнар көзiн содан көредi. Әрине, оның 
мұндай көзқарасы өз заманындағы және болашақ ойшылдарға өзiнiң 
зор әсерiн тигiзiп, әртүрлi пiкiрлердi туғызды.
ХVIII ғ. ағылшын ағартушыларының жалпы деистiк және 
материалистiк бағытына қарсы шығып, идеализм жолын қорғаған епи-
скоп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет