242
келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық
болған жоқ – езiлу, зардап шегу, қантөгiс, қатыгездiк осы уақытқа
шейiн азаюдың орнына көбейiп келедi. Мәңгiлiк алаңдаушылық пен
адамдардың бiр-бiрiне деген орныққансенбеушiлiгi өмiрдi шырмап
алған.
Әрине, Шопенгауердiң жоғарыда көрсетiлген қоғам өмiрiндегi
келеңсiз жайттар туралы ойларын бiз сырттата алмаймыз. Керiсiнше,
оның санын бүгiнгi өмiрге қарап өсiруге де болар едi. Өмiр алдына
үлкен мақсат-мұраттар қойып, соған жету жолында неше түрлi «тар
жол, тайғақ кешуден» өтпеген адам кемде-кем болса керек. Бұл өмiрдiң
трагедиялық диалектикасын өмiрден әсiресе көп зардап шеккен қазақ
халқы «орындалмайтын арман», «жалған», «дүниенiң төрт құбыласы
ешқашанда бiр-бiрiне тең емес» т.с.с. ойлармен берiп, нағыз бақытты
өмiрдi о дүниедегi жұмақтан iздеген болатын.
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi
күнәкары – әлемдiк Ерiктiң өзi. Бiрақ оның санасы болмағаннан кейiн,
ол өз iстерiне жауап бере алмайды, тек қана мәңгiлiк бiр трагедиядан
өтiп, екiншiсіне т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт – әлемдiк ерiк
сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас
бiр бөлiгi ретiнде адамдардың өздері ғана сол әлемдiк ерiкке қарсы
шығып, оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады.
Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол
дүниенi тудырған әлемдiк ерiкке қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзi ең
алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдiк ерiктiң
терең мәнiн зерттеп-бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам
екi сатыдан өтуi керек. Алғашқысы – эстетикалық аңдау, соңғысы –
моральдық жолмен жетiлу.
Достарыңызбен бөлісу: