Николай Алек- сандрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негiзгi еңбектерi:
«Ерiктiк философиясы. Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», «Өзiндiк тану» т.с.с.
Оның ойынша, философия – рухты зерттейтiн iлiм, яғни адамның
өмiр сүруiне, сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға
бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниенi зерттесе, философия адамның
iшкi рухани өмiрiне үңiледi. Сондықтан философия объективтi емес,
ол – әрқашанда субъективтi.
Н.А.Бердяевтiң ойынша, экзистенциалдық философия адамның
өмiр сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенiң өзiн таниды.
«Таным дегенiмiз субъектiнiң болмысты бейнелеуiнде емес. Таным
әрқашанда шығармашылық жолмен жүрiп, мән-мағынаға жетуге тыры-
сады. Адамның құпиясын танып-бiлу – болмыстың құпиясын танып-
бiлумен тең».
Адам абсолюттiк болмыстың алдында тұрып, оны танып-бiлгiсi
келедi. Бұл мақсатқа жеткiзетiн екi-ақ жол бар. Ол өзiн дүниенiң бiр
бөлiгi ретiнде сезiнiп, оған терең шомылуы мүмкiн. Бiрақ ол жол
нәтиже бермейдi, өйткенi бөлшек бiртұтастыққа жете алмайды.
Екiншi жол – өзiңнiң дүниеге деген маңыздылығыңды сезiнiп, өз
болмысыңды бүкiл дүниенiң өзегi ретiнде қарасаң, онда өз тереңдiгiңе
үңiлу, оны танып-бiлу – бүкiл болмысты танып-бiлумен тең болады.
Мұндай көзқарас көне замандағы гректердiң «макрокосм» және
«микрокосм» идеяларына кетедi. Адам «кiшi ғарыш» ретiнде «үлкен
ғарышқа» сай келедi. Сондықтан сыртқы болмысты тану үшiн өзiңнiң
iшкi болмысыңды бiлуiң қажет.
Н.А.Бердяевтiң философиясының негiзгi санаты –
еркіндік . Оның
ешқандай өлшемi, шегi, түбi жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды.
Оның оқшаулығын түсiну – оның
болмысқа дейiн өмiр сүргенiн
мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Ортағасырда өмiр сүрген
Я.Беменiң: «Құдайдың өзi түбi жоқ тұңғиықтан пайда болды», –
деген пiкiрiн қолдап, сол алғашқы «түбi жоқты» ерiкпен теңейдi. Сол
алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниенi жаратады.
258
Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын
көремiз. Ол – алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы
дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегi зұлымдыққа жауапты емес,
өйткенi Оның