Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет263/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Арманын қоймас адамзат!
...Қапалы күнi қабарып,
Қайғының күнi төнсе де,
Үмiтiн жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жаныңа қылыш ұрса да,
...Өмiрге тоймас адамзат!
– деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау 
өзiнiң нақыл сөздерiмен, терең де әсем жырларымен «халық атасы» 
дәрежесiне көтерiлген ғұламалардың қатарында қала бермек.
ХVIII ғ. қазақ халқының ой-өрiсiне жыраулармен қатар өзiнiң 
үлесiн қосқан дана «қара қылды қақ жарған» 
билер
болды. Атақты
 
Қазыбек

Айтеке
мен 
Төле
билердi қазақ халқы өз жадында сақтап, 
олардың қазақ халқының мемлекеттiгiне қосқан үлесiн ешқашан есiнен 
шығармаған. Сол заманда өмiр сүрген Жаңыл ақын:
«Төле би, ер Қазыбек, тiлдi Әйтеке
Асқартау – Қазықұрттай бiлiмдi едi.
Бiрi Күн, бiрi туған Айдай болып,
Заманға сәйкесiмен келiп едi», – деген екен.
Қазiргi тiлмен айтсақ, бұл билердiң шешiмдерi адамдардың «табиғи 
құқықтарына», олардың бiр-бiрiне деген 
теңдiгi
мен 
ерiктiгiне
негiзделген болатын. Сонымен қатар олардың өмiр, адамдардың қарым-
қатынастары жөнiнде айтқан талай-талай нақыл сөздерi осы күнге 
шейiн бiздi таңғалдырады, олардың әрбiреуi үлкен кiтапқа парапар. 
Мысалы, әйгiлi батыр Шақшақ Жәнiбек Төле биден ақыл сұрауға кел-
генде, соңғының айтқаны:
«...Өгiздi өрге салма, қанатың талар,
Наданға көзiңдi салма, сағың сынар.
Досыңа өтiрiк айтпа, сенiмiң кетер,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбiңе жетер.
...Тұмар түбi құрт болар,


297
Тұман түбi жұт болар.
Ақылдың түбi құт болар,
Елге бай емес, би – құт...» – деген екен. Қандай асыл, әрбiр адамға 
керек сөздер! Төле бидiң мына айтқан ақылы қазiргi мемлекет басында 
жүргендердiң бiршамасына әдейi жазылған сияқты:
«Лауазымың өссе зорайып,
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.
Елдi билеп өскенiңнен не пайда,
Рақатыңды көрмесе,
Ағайын мен халайық!
Көпшiл болған ер дана,
Достары болар әр сала.
Өнерлiден үлгi алып,
Салдырар сәндi мол қала...».
Ақтабан шұбырындыдан кейiн халық тағдырын терең ойлаған Төле 
би көшпендiлiк өмiр салтының тарихи сарқылысқа түскенiн айқын 
сезiнедi. Сондықтан ол халықты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет