305
Бұл шумақтан Абайдың
нарықтық қатынастарды жақтап
, оның
ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар сол кездегi ахуалға көңiлi
толмағанын байқаймыз.
Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық
пайданы, табысты халық игiлiгiне,
қайырымдылыққа, мұқтаждық
құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге,
мәдениет пен
бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. «Тек қана өзiң үшiн еңбек қылсаң,
өзi үшiн оттаған
хайуанның
бiрi боласың.
Адамшылықтың қарызына
еңбек қылсаң, Алланың
сүйген
құлының бiрi боласың», – дейдi Абай
өзiнiң 37-қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, «Мерседес» мәшине
мiнгенiне,
оқтын-оқтын шетелге барып, сауық құрып келгенiне мәз
кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен?!
Абай өзiнiң әйгiлi 2-қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыс-
тармен
салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгi алып, егiн егу,
сауда, ғылым, қолөнермен айналысып,
тазалық пен тәртiпке, әскери
қызмет атқарып, Құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек
етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда
ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi.
Сонымен
қатар енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке
қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты.
Абай
Достарыңызбен бөлісу: