Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет268/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Ыбырай Алтынсарин
(1841-
1889 жж.): «Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан 
ахуалға сай келуiнiң бiрден-бiр жолы – оның сауаттылығын арттыру, 
бiлiмiн жетiлдiру, орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру», – деп есептедi. 
Сондықтан ол өзiнiң барлық күш-жiгерiн 
жаңа мектептер
ашуға, 
балаларға арналған 
қызықты оқулықтар
жазуға жұмсады.
Өзiнiң дүниеге деген көзқарастарында ол дiни бағытта болып, 
Құдайды мойындағанымен, дiни фанатизмге қарсы шығып, шала 
сауатты қазақ мен Бұхарадан келген молдалардың халыққа тигiзетiн 
терiс әсерлерiн әшкерелейдi. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», 
«Өзен» т.с.с. өлеңдерi осы күнге дейiн өзiнiң эстетикалық әсемдiгi, 
гуманистiк идеялары, тәрбиелiк мүмкiндiктерiмен бiлiм беру 
саласындағы жас ұрпаққа оң әсерiн тигiзуде.
Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы 
Абай Құнанбайұлы 
(1845-1904 жж.) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дүние-
жүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. 
ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бүкiл Адамзат 
көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. 
Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде ғана 
емес, сонымен қатар бүкiл дүние-жүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы 
кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының 
руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Бiздiң ойымызша, «Абайтану» 
саласының мерзiмдi түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына 
көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткенi бiз ары қарай дербес мемлекет 
ретiнде дамыған сайын, Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз 
өмiрiмiзде дұрыс бағыт ұстауға мүмкiндiк аламыз.
Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сарап-
тау мүмкiн емес. Сондықтан бiз Абайдың бүгiнгi күндегi көкейкестi 


302
мәселелерге байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз. 
Қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ, бүгiнгi 
кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi абайтанушы проф. 
Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк.
Абай еуропалық мағынада айтылатын классикалық бiлiм алған 
жоқ (университеттерде оқымаған). Бiрақ өзiнiң iшкi жалыны, дүниенi, 
өмiрдi тануға деген зор құштарлығы мен шабытының арқасында, 
ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң 
дүниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руха-
ниятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты 
универсализмдiгiмен таңғалдырады: ол – ақын, сазгер, философ, аудар-
машы, құқықтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай, 
«Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, 
рухына сонша жақындармыз. Үнемi бұл күйде тұрмас, халық ағарар, 
өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi күннен-күнге артар». 
Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап – ұлы 
Абайды мұқият зерттеп, өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол – бiздiң 
хакiм-ата алдындағы парызымыз.
Абайдың 
онтологиялық
көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап 
та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймай-
тын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет