304
оның
сыртқы
әсем киiмi мен жүрiс-тұрысында
емес
, оның
iшкi
таза ниетiнде
, сол арқылы ғана бiздi Құдай таниды. Руханияты биiк
адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абы-
ройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды
төмендетуге тырысуы – оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл
ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс түсiнуге
мүмкiндiк бередi.
Бүгiнгi таңдағы
нарықтық экономиканың
негiздерiн қалыптас-
тыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiлігiмен
таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақыл-
ойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп
алға қойған мақсатын жүзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады.
Әйгiлi «Сегiз аяқта»:
«Болмағын кекшiл,
Болсайшы көпшiл.
Жан аямай кәсiп қыл!
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсiп бұл?
Еңбек қылсаң ерiнбей,
Тояды қарның тiленбей.
Егiннiң ебiн,
Сауданың тегiн
үйренiп, ойлап, мал iзде.
Адам бол – мал тап
қуансаң, қуан сол кезде», – деген ақыл-ойын халыққа таратады.
Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет – ол
Достарыңызбен бөлісу: