Серік Мырзалы философия оқу құралы


«байлық» атты ұғымның  адамгершiлiк



Pdf көрінісі
бет272/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

«байлық»
атты ұғымның 
адамгершiлiк
жағына аса көп 
назар аударады. «Әуелi, Құдайдан мал тiлейсiңдер, – дейдi Абай. – 
Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат бердi. Ол қуатты 
халал кәсiп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың... Сенiкi 
бiреуден қорқытып алсаң, бiреуден жалынып алсаң, бiреуден алдап 
алсаң болғаны, iздегенiң – сол» (аталған шығарма, 27 б.). Өз ойын ары 
қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды ендi сарп қылып, 
ғылым табу
керектігін айтады. Өзiңе табылмаса, балаң тапсын деген 
талап қояды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз 
оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қажылық ешбiр ғибадат орнына бар-
майды. Ешбiр қазақ көрмедiм, малды иттiкпен тапса да, адамшылықпен 
жұмсаған» (атал. шығ, 28 б.), – деп өкінеді ұлы ойшыл. 
Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетiк бiлгiрi 
болғанын айта келiп, оның көтерген мәселелерi осы күнi де өзiнiң 
өзектiлiгiмен байқалады деуге болады.
Абайдың 
саяси-құқықтық 
көзқарастарына келер болсақ, онда да 
өнегелi көп терең ойларды табамыз. Әрине, Абайдың еңбектерiнен 
«құқықтық мемлекет» деген ұғымды iздеу бекер болар, адам қандай ұлы 
болса да, өз заманының перзентi ғой. Бiрақ Абайдың саяси-құқықтық 
көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенiн байқауға болады. Абай 
отарлық саясатты әшкерелей келе, «бөлiп ал да, билей бер» деген 
саясаттың негiзiнде халықтың iшiнде iрiткi пайда болып, жеке адамның 


306
құқықтарының өрескел бұзылғанын әңгiме қылады. «Болыс болдым 
мiнеки» деген өлеңiнде Абай:
«Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтiрiк берген қағаздың
Алды-артына қарайды.
Тауып алып жалғанын,
Қылмысыңды санайды.
Өзi залым зәкүншiк
Тонап алды талайды.
Көрмей тұрып құсамын
Темiр көздi сарайды», – деп, патшалық саяси тәртiптi әшкерелейдi.
Абайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет