308
деген ойшыл сөздерiнен (аталған әдебиет, 7-б.) өмiр философиясын көру
қиын емес.
Дегенмен де «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», бәрi де
өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу үшiн
болашақ
ұрпақтарына өсиет ретiнде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық
бол», – дейдi.
«Тiлеуiң, өмiрiң алдында,
Оған қайғы жесеңiз.
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның
бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл iс
, көнсеңiз».
Әрине, Абай – телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына
ғана талдау жасадық. Оқырманға абайтану жолында сәттiлiк тiлеймiз.
§ 6. ХХ ғасырдағы отандық философия
Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ
халқының тарихында ерекше
орын алады. Ресей империясының шеңберiнде қысылған, езiлген
халықтың
ұлттық сана-сезiмi оянып
, ерiктiкке, халықтың өз
бостандығына деген құштарлығы
оянады
; халық зорлық-зомбылықтың
негiзiнде
жартылай қырылып
, геноцидке (тұқымымен құру) түсе
жаздап, Кеңес заманының
алғашқы кездерiнде
түпкiлiктi түрде
көшпендiлiк өмiр салтымен қоштасып,
жерге отырады
, сауаты ашы-
лып, мәдениетi дамиды. Жергiлiктi халықтың саны күрт
төмендеген
соң, оның кең-байтақ бай жерiне басқа ұлттар мен ұлыстардың
өкiлдерi өз еркiмен, я болмаса қуғын-сүргiнге
ұшырағаннан көптеп
келе бастайды, қазақ елi
көпұлттық елге
айналады. Жаңа қалалар бой
көтередi, тау-кен өндiрiстерi тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-
соңды болмаған қарқынмен игерiле бастайды.
70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында Кеңес Одағы iрiп-
шiрiп, империя күйзелiске
ұшырайды, соның нәтижесiнде 90 жыл-
дары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсiз мемлекеттер
пайда болады. Қазақ халқының жүздеген
жылдар бойы армандаған ел
бостандығы жүзеге асып,
Достарыңызбен бөлісу: